Тәжікстанда ҰҚШҰ мүше мемлекеттері Қарулы Күштерінің «Іздестіру-2016» оқу-жаттығуы басталды

Бүгін Тәжікстанда ҰҚШҰ мүше мемлекеттері Қарулы Күштерінің барлау күштері мен құралдарының «Іздестіру-2016» бірлескен оқу-жаттығуы басталды. Оған қазақстандық әскери қызметшілер де қатысуда.

Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Магоб» оқу-жаттығу орталығының полигонында және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері 201-ші әскери базасының «Ляур» полигонында өтуде. Оқу-жаттығуға Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей және Тәжікстан Қарулы Күштерінің құрамынан әскери, арнайы, радиоэлектрондық, әуе барлауы бөлімшелерінің әскери қызметшілері, барлығы 1 500-ге жуық әскери қызметші, сондай-ақ армиялық, жедел-тактикалық және әскери-көліктік авиация бөлімшелері қатысады. Әскерлер топтамасының барлау бөлімшелері оқу-жаттығу барысында тауларда барлауды жүргізу, барлау ақпаратын жинау, өңдеу, талдау және ақпарат алмасу, сондай-ақ таңсық жерде өте маңызды нысандарды басып алу және жою жөнінде арнайы операциялар барысындағы іс-қимылдар тәжірибесін жинақтайды.  «Біз қойып отырған басты міндет – ол ҰҚШҰ-ның әртүрлі мүше мемлекеттерінің барлау құралдарын басқару мәселелерін пысықтау, сондай-ақ бірлескен іс-қимылдарға арналған әскери барлау арнайы бөлімшелерінің тәжірибе жинақтауы болып табылады.  Көптеген мемлекеттер өздерінің техникалық барлау құралдарын алып келгені аса маңызды болып отыр.  Олардың барлығы тартылады. Осы құралдармен әртүрлі мемлекеттердің өкілдері таныс болады. Бұл бізге оларды біріздендіруге, ал ең бастысы тапсырмаларды орындау кезінде оларды пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа. Арнайы оқу-жаттығулардың мақсаты қарсыласты жою мүддесінде барлау ақпаратын жинау, талдау, өңдеу және жеткізу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ барлауды ұйымдастыруда басқару органдарының қабілеттілігін тексеру болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"