Тілге құрмет – елге құрмет

Қазақ халқы қалыптасқалы бергі дәуірде қаншама тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман өтіп, бүгінгі күнде «ұлттық тіл – қазақ тілі» деген ұғымға ие болған ана тіліміз – өткен тарихымыздың бірден-бір жемісі. Өйткені осы мәртебеге жету үшін қазақ елі сан соқпақтан сүрінбей өтіп тер төкті, сол еңбекпен аққан тері ақталды да. Оның бір дәлелі ретінде Қазақстан Республикасында мекендеп жатқан сан түрлі ұлттардың барлығы дерлік қазіргі уақытта қазақ тілін үйренуге зор талпыныс білдіріп  жүргендігін тілге тиек етуге болады.

Мемлекеттік тілді үйренуге деген ынта-жігер Қазақстан армиясында да өз нәтижесін беріп келе жатыр. Бұғал дәлел ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінде әскери қызмет атқаратын өзге ұлт өкілдерінің арасында жыл сайын өткізілетін «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқауды және Тілдер мерекесі қарсаңында өткізілетін түрлі-шараларды айтуға болады. Бір қуанарлығы, мемлекеттік тілде әскери бөлімдерде өткізілетін кез келген іс-шараларға олардың барлығының дерлік ынта-жігермен кірісетіндігі.

Осындай іс-шаралар барысы мемлекеттік тілді дамытуға үлкен септігін тигізетіні анық. Осы орайда Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді дамытуға қатысты: «қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік тіл – қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып-үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты. Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген халықтың үлесі басым көпшілікті құрайды. Бұл Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі. Біздің міндетіміз 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал, 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді 10 жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады» - деп пайымдауын үлкен көрегендікке балауға болады.

Қорыта келе, бізде бәрі бар және қазақ жері бәріне бай, оның ішінде тілі де бай. Түбі бір түркі тілінің ішіндегі бірізділігін сақтаған, нормаға сай таза, әрі бай тіл – қазақ тілі екендігін кезінде көрші және шетел мемлекеттерінің ғалымдары да дәлелдеп, тамсанып өткен. Сол себепті ендігі тарихи мақсат, осы бабаларымыз аманаттап кеткен ана тілін шынайы күйінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Өйткені киелі ұлтымызды ыдыратпай, талай тарихи тағдырдың алдында басын имеген мемлекеттік тіл – қазақ тілі қашан да елдігіміздің, бірлігіміздің, һәм ұлы Тәуелсіздігімізді қорғау жолында ұлтымыздың тегеурінді тетігі болуы тиіс!

 

Лейтенант Айдос Байшағыров,

 28237 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП