Тіл мерекесі атап өтілді

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұжымы Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күнін атап өтті. Мерекеге орай компания қызметкерлерінің қатысуымен «Үш тұғырлы тіл» атты салтанатты концерттік шара ұйымдастырылды.

Ғарыш саласының мамандары сахнаға шығып, отан сүю, халықтар достығы, туған тілге деген махаббат үлгісін ән, күй, өлеңмен паш етті.

Мерекелік кеш Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.

Салтанатты кешті ашқан «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыштық жүйелер мен технологиялар Вице-президенті, Халық қаһарманы Айдын Ақанұлы Айымбетов: «Тіл – кез келген мелекеттің тәуелсіздігінің ең басты белгісі» деді. «Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Бүгінде қазақ жерінде 100-ден астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар.  Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Қазақстанның әрбір азаматын Тілдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! – делінді құттықтау сөзде.

Іс-шара барысында компанияның қызметкері Нүрия Аллабердина ана тілі - башқұрт тіліне өлең арнады. Нәйлә Танаттың орындауындағы италиян әні көпшіліктің көңілін көтерді. Халықаралық бөлім қызметкері Ригина Сысоева көпшілікті испан тілінің әсемдігімен тәнті етті. Кеште Ригина әріптестерінің алдында жаңа ақындық қырынан танылды. Нұрсұлтан Дүйсенбай «Туған жер» деп ән шырқап, Манар Касеинов көпшілікті күмбірлеген күйге қанық етті. Сондай-ақ қазақ тілінің құдіреті өлең сөзбен әспеттелді. Ал 5 жасар өнерпаз Ибрагим Зкрияновтың әні салтанатты кештің шырайын келтірді.

Тамаша өнері үшін әншіге «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ атынан сыйлық берілді.

 «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ миссиясының бірі - компания қызметінің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану. Аталмыш мерекені олар дәстүрлі түрде тойлап келеді.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"