Тіл – татулық тірегі

Тіл – өте қасиетті ұғым.. Қасиетті тіл - ол халықтың өткені, бүгіні және болашағы. Тіл - адам бойына ана сүтімен дариды. Тіл қылыштан да өткір. Тіл тас жармаса, бас жарады деген сөздер бекерге айтылмаған шығар....

 Тіл – кейде бізді көптеген жамандықтардан құтқаратын қамал, кейде жамандыққа жетелейтін дұшпан, кейде жақсылыққа апаратын шам. Тілді дұрыс пайдалана білген адам, бәріне де қол жеткізе алады. Тіл - достықтың, татулықтың алтын көпірі.

Біз егемен елміз, тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп келе жатырмыз. Ортақ шаңырағымыз аясында 140 - тан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Діні де, тілі де басқаша болғанына қарамастан, бір шаңырақ астында бір үйдің балаларындай тату. Әрбірінің көптеген армандары орындалып, біреуі өз ана тілінде білім алып, біреуі өз мамандығы бойынша еңбек етіп, ал ата-әжелері сүйікті немере-шөберелерімен бірге бақытты өмір сүріп жатыр. Бұл – әрине жылдар бойы еліміздің тыныштығын сақтаған Елбасымыздың еңбегінің жемісі. Қазақстанда ең басты, мемлекеттік тілі – ол қазақ тілі. Қазақ тілі – елдегі татулықтың тірегі. «Қазақстан Республикасының әрбір азаматының мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуі парыз» деп Елбасы айтқандай, еліміздегі әр ұлт өкілі мемлекеттік тілді білуі міндетті. «Ынтымақ түбі – береке» деп ата-бабамыз даналығын қалдырған. Қандайда ұрыс-керіс түсініспеушіліктен басталады, егерде біздің ортақ тіліміз болмаса, қалай бір-бірімізді түсінеміз?!..

Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың ең маңызды құралы. Сол құралымыз арқылы біз тіршілікпен тілдесеміз. «Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең - екі адамсың» дегендей тілді білген ешқашан артықшылық етпейді.

Міне бүгінде көпұлтты мемлекетіміздің Қарулы Күштері қатарында, жоғары лауазымдарда, офицерлер мен сержанттар санатында және азаматтық персонал арасында әр түрлі ұлт өкілдері қызмет атқарып жүр. Отан қорғап жүрген сарбаздарымыздың арасында кемінде үш тілді жақсы меңгерген әскери қызметшілер бар және бір қуантатын жайт – ол өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді жақсы меңгергендіктері.

Міне, оның дәлелі – ол қыркүйек айында Қарулы Күштері арасында Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесінде әскери қызметшілердің өнер көрсетуі. Аталған сайысқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Әскери-теңіз күштерінің «Каспий асылдары» командасы қатысып, Түркімен халқының салт-дәстүрін көрсете отырып, өнерлерін ортаға салды. Сайыста Әскери-теңіз күштерінің намысын қорғаған аға лейтенант Иван Тыщенко, оның жұбайы Ксения Тыщенко, бас старшина Санат Забихов, азаматтық персонал Гүлсім Аскарова мен Жансая Жанилова Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысының қолынан грамотамен наградталды.

 

                                                                          Капитан Ж.ТҰЯҚБАЕВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"