Тіл–татулық тірегі

   Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде  ұйымдастырылған «Тіл – татулық тірегі» айлығының аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Аягөз гарнизонының әскери бөлімдері арасында «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.

Айлық барысында 15701 әскери бөлімінің командирі подполковник Е.Серікбаев мемлекеттік тілді дамыту мақсатындағы іс-шаралардың жоспар бойынша жоғары деңгейде өтуіне басшылық жасады. «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» әдеби-сазды кешінде әскери бөлімдерде қызмет етіп жүрген өзге ұлт өкілдері өнерлерін мемлекеттік тілде көрсетті. 02352 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант М.Ахметов «Атамекен», 16443 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға лейтенант Г.Ким «Астана», 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант М.Жұмабеков қызы Алтынаймен «Туған жер», Аягөз әскери госпиталінің әскери қызметшісі қатардағы Г.Айдарбекова «Тек алға!», 10810 әскери бөлімінің қызметкерлері А.Исагулов «Батырлар ұраны», Н.Қуанышбаева «Туған жер» әндерін нақышына келтіре орындады. «Ана тілі» өлеңдерін мемлекеттік тілде жатқа мәнерлеп оқудан 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант В.Кожевников, 15701 әскери бөлімінің әскери қызметшілері кіші сержант Н.Манузина, қатардағы Р.Файзулин, 16443 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы А.Панченко үздік шықты. Мың бұралған 10181 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы А.Бекбусунова мен Аягөз әскери госпиталінің қыздары дүйім жұртты тамсандырды. 10181 әскери бөлімінің мерзімді шақырылым сарбаздарынан құралған «Жайдарман» тобы көрермендерге әзіл сыйлап, «Тілмаш» қойылымымен мемлекеттік тілді үйренуге үндеді. 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметінің басшысы Г.Утешова «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» әдеби-сазды кешін қорытындылай келе, шараға белсенді қатысқандарды марапаттады. Тіл мамандарына да зор ризашылығын білдірді.

 

   Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"