Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу


   Шығыс өңірінің Бас әскери-көлік комендатурасында болған кездесуде әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен ескерту мәселелері қозғалды.

Шығыс аймағының әскери прокурорының орынбасары әділет подполковнигі Талғат Бермағамбетов ҚР Қорғаныс министрі Үндеуінің негізгі талаптарына тоқталып өтті. Үндеуде көрсетілгендей, Жоғарғы Бас қолбасшы қойған Қарулы Күштердің басты міндеті – еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын әскери құралдармен қамтамасыз етуге ұдайы әзірлікте болуды еске салды. Патриотизм, міндет және абырой – жеңімпаз армияның негізін қалайтын моральдық-рухани құндылықтар, ал, Отан қорғаушы елі үшін, жері үшін жанын қиюға дайын болуға тиіс екендігін баса айтты.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік аппараттың беделіне нұқсан келтіретін, қызметіне кері әсерін тигізетін, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін және демократиялық даму мен құқықтық мемлекеттің құрылу негіздерінің бұзылуына әсер ететін қауіпті құбылыстардың бірі екенін жан-жақты түсіндірді. Шығыс өңірінің Бас әскери-көлік комендатурасының әскери қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары мен құқық бұзушылық жазалары, сондай-ақ, жыл басынан бері тіркелген сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер туралы да ақпарат жеткізілді.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"