Спасскте оқу-әдістемелік жиын өтті

Қарағанды облысы «Спасск» оқу орталығының базасында ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Мүсілім Дайыровтың басшылығымен қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны өтті.

Көктемгі мерзімді қызметке шақыру науқанын қорытындылау, әскери оқу орындарына үміткерлерді жинау және азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу мәселелері, алдағы күзгі шақырылымға тапсырмалар қою аталған оқу-әдістемелік жиынның негізгі мақсаты болып отыр.

Жиынға қатысушылар үш күн бойы шақыру науқанын ұйымдастыру бойынша проблемалық мәселелерді талқылап, азаматтарды мерзімді қызметке шақырудың ерекшеліктерін зерделеді. Сонымен қатар, бұл шараға ҰҚК Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері қатысты.

Жиындар барысында қорғаныс істері жөніндегі департамент, басқарма және бөлімдердің бастықтары мемлекеттік-құқықтық даярлық, жұмылдыру даярлығы, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс, сондай-ақ саптық, атыс және дене даярлығы бойынша сынақтар тапсырды. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл сияқты оқу-әдістемелік жиындары жергілікті әскери басқару органдары басшылары үшін күнделікті қызмет пен азаматтарды мерзімді қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселелерінде білімдері мен машықтарын жетілдіруге зор мүмкіндік береді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"