«Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Достастық жауынгері» халықаралық байқауына іріктеу өтуде

«Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Достастық жауынгері» халықаралық байқауы қатысушыларының іріктеу туры өтуде.

Үш негізгі кезең: «Кәсіпқой», «Атлет», «Мерген» - бұл сынақтардың тұтастай топтамасы. Конкурсанттарға АРД кедергілер жолағынан өтіп, жалпыәскери қорғаныс жиынтығын киіп, оқ ату бойынша суық қаруды лақтыру мен жаттығуды орындау қажет болды.  Содан кейін дене даярлығы. Белтемірдегі құрамдастырылған күштік жаттығу, ерлерге 100 және 3 000 метрге жүгіру және кешенді күштік жаттығу, әйелдер үшін 100 және 1 000 метрге жүгіру, сондай-ақ дәлдікке Ф-1 гранатасын лақтыру және бірыңғай кедергілер жолағындағы бақылау жаттығуы.  Ал соңында атыс даярлығы (АК-74 автоматымен жұмыс жасай білу, уақытты барынша аз жұмсай отырып, жауынгерлік мүмкіндіктерді  және әртүрлі жағдайлар мен атыс жағдайларында оқ-дәрілерді барынша қолдану). Былтырғы жылы Қазақстанның әскери қызметшілері «Достастық жауынгері» достық армиясы әскери қызметшілері  VII  халықаралық байқауының абсолютті жеңімпаздары атанғанын естеріңізге сала кетейік. Әскери-кәсіби шеберліктің бірегей байқауы Қазақстанда алғаш рет өтті. Бірнеше күнге «Отар» полигоны шыдамдылық, табандылық, жауынгерлік машық пен командалық рух жай ғана сөз емес болып табылатын алты елдің әскери қызметшілерінің қауышу алаңына айналды. Жеңімпаздар мен қатысушылар 100 пайыздық дайындықтарын паш етті. Ал байқаудың мүлтіксіз ұйымдастырылуы нағыз жауынгер кейпінде сезінуге мүмкіндік берді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"