«Союз МС-02» басқарылатын кемесі 19 қазанда ұшырылатын болды

Мемлекеттік комиссия "Союз МС-02" басқарылатын кемесі бар "Союз-ФГ" зымыран-тасығышының ұшырылу күнін 19 қазанға бекітті, деп хабарлады ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Аталмыш агенттіктің "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлауынша, «Союз МС-02" Халықаралық ғарыш стансысына (ХҒС) құрамында ресейлік Андрей Борисенко, Сергей Рыжиков және америкалық Роберт Шейн Кимброу бар экипажбен 23 қыркүйек күні ұшырылуы тиіс еді. Алайда, ақауларға байланысты ұшырылым кейінге қалдырылды.

Сонымен бірге, "Роскосмос" 16 қарашада "Союз МС-03" кемесінде тағы бір басқарылатын экспедиция ХҒС-қа ұшырылатынын хабарлады. Ұшырылымы қазан айының ортасына жоспарланған "Прогресс МС-04" жүк кемесі 1 желтоқсанға қалдырылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"