Шынайы патриоттарды еске алды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағында шара өтті.

Оған жиналғандар шынайы патриотизмнің үлгісі болғандарды еске алып, бір минут үнсіздікте тұрды. Бұдан соң 1986 жылдың желтоқсанында тоталитарлық әкімшілдік-әміршілдік жүйеге қарсылық білдіріп, мемлекеттің мүддесіне қатысты мәселелердің шешілуін талап еткен өрімдей ұл-қыздардың ерлігі баяндалды. Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанованың суреттері ұсынылып, Алматыдағы бір оқу орнының жатақхана алдындағы оқиға сахналанды. Ақ қар, көк мұзда ұрып-соғылған, жала жабылған, жәбірленген, қорланған, сотталған қазақ жастары туралы айтылды. Тәуелсіздікке жол бастаған желтоқсан оқиғасының көшбасшысы Қайрат Рысқұлбековтың жырлары да оқылды. Шара соңында бір топ офицер Халық қаһарманы Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың Семей қаласының шетіндегі зиратының басына барып, ескерткішіне де тағзым етті.

 

Алуа ИСКАКОВА

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"