Шымкент гарнизонының спорттық сайыс өткізілді

Бұқаралық спорттық жұмысты ұйымдастыру және гарнизондарда спорттық секцияларды дамыту шеңберінде АОСК нұсқаушыларының жетекшілік етуімен Шымкент қаласында әскери қызметшілердің балалары арасында сайыс өткізілді.

35748 әскери бөлімінің спорт кешенінде 14 және одан кіші жастағы әскери қызметшілердің балалары арасында қазақ күресінен турнир өз мәресіне жетті. Жалпы алғанда, сайысқа 70-тен аса жас спортшы қатысты. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдар, құрмет грамоталарымен марапатталды.
ҚР Қорғаныс министрлігі басшылығының бастамасы бойынша АОСК-ның Спорт комитеті әскери гарнизондарда әскери қызметшілердің балалары үшін спорттық секцияларды құрды және бұл секциялар жұмыс жасап жатқанын естеріңізге сала кетейік. Ол жерде 6 мен 16 жас аралығындағы балалар армиялық қоян-қолтық ұрыспен, күреспен, қазақ күресі және спорттың өзге де түрлерімен шұғылдана алады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"