"Шығыста" жауынгерлік даярлық деңгейі бақыланды

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың тапсырмасымен еліміздің Қарулы Күштерінде қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша әскердің бақылау тексерісі жүргізілді. Кешенді комиссияның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығындағы жұмысына        ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаров жетекшілік етіп, бақылау жасады.

Бақылау тексерісінің аясында әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаров Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде бақылау тексерісінің барысын білді. Бақылау тексерісін тапсыру жөніндегі комиссияның төрағасы полковник Әділет Сақауов әскери қызметшілердің ынта-жігерінің артып, жауынгерлік рухының да асқақ екенін баян етті. Оқас Базарғалиұлы бөлімшелердің оқу пәндері бойынша бақылау-бағалау тексерісін тапсыру тізімдемелерімен танысты. Әскери бөлімнің тұрақты орналасқан пунктінде штаб батальоны бөлімшелерінің дене дайындығын көрді. 1-ші танк батальоны 3-ші танк ротасының жауынгерлік машиналарды жүргізуден бақылау жаттығуын, артиллерия дивизионы бөлімшелері мен 1-ші мотоатқыштар батальоны 3-ші мотоатқыштар ротасының атқыш қарулардан оқу-жаттығуларын орындауын да тексерді.

   Қорғаныс министрінің орынбасары Семей гарнизонында кешенді комиссия төрағалары мен әскери бөлім командирлерін тыңдады. Ал, атыс қаруынан, жаяу әскер машиналары мен танктерден оқ ату жалпыәскери «Шығыс» полигонында жүзеге асты. Мәселен, әскери қалашықта 44736 әскери бөлімі бірнеше бағыт бойынша ғимаратты шабуылмен алудың шұғыл қимылын пысықтады. Әскери қызметшілердің кәсіби дайындығы күндіз ғана емес, түнгі уақытта да тексерілді. Жалпы алғанда атыс даярлығы, тактикалық, арнайы дайындық, әскери топография, жауынгерлік машиналарды жүргізу, инженерлік, дене даярлығы және саптық дайындық пәндері бойынша нормативтерді тапсырды. Әскерилер мамандыққа қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, біліктіліктерін де байқатты. Кешенді комиссия әскери техника мен қару-жарақтың жағдайына, бағынысты құрамалардың жауынгерлік және жұмылдыру дайындығына жетекшілік ету жөніндегі лауазымды тұлғалардың жұмысын ұйымдастыру жүйесіне де баға берді. Тексерістің алғашқы күнінде-ақ үздіктер көзге түсті. 10810 әскери бөлімі танк батальонының командирі подполковник Ербол Әубәкіровтің бөлімшесі атыс даярлығынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

   Айта кетейік, бақылау тексерісі әскери құрамалар мен бөлімдердің батальон басқармаларының, взводтардың, роталардың жауынгерлік дайындығының шынайы деңгейін, жеке құрамның кәсіби дағдысын, құрылымдардың берілген жауынгерлік тапсырмаларды қысқа мерзімде орындауын тексеруді мақсат етеді. Сондай-ақ, құрылымдар мен олардың басқарма органдарының жауынгерлік әзірлік бағдарламалары мен жоспарларын жүзеге асырудағы және оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтаудағы жауынгерлік әзірлігі мен үйлесімділігінің деңгейін бағалауды да көздейді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"