«Шығыс» ӨңҚ әскери оркестрлер фестиваліне дайындалуда

Биыл тұңғыш рет Астанада маусымның 6-9 аралығында өтетін әскери оркестрлердің «Әлем аспабы – 2016» фестиваліне Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің оркестрлері қатысады. Ал, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскери оркестрлерді іріктеу маусым айының  3-4 күндеріне белгіленіп отыр.

Онда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 10810, 27943, 40398 әскери бөлімдерінің және 5511 әскери бөлімінің әскери оркестрлері бақтарын сынайды. Іріктеу әскери қалашықтағы 28738 әскери бөлімінің мәдени-демалыс клубында ұйымдастырылады. Әскери оркестрлердің өнерін Семейдің тұрғындары мен қонақтары маусымның 4-і күні орталық алаңдағы плац –концертте тамашалай алады. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі қонақ ретінде қатысады. Өнерпаздар классикалық, фольклорлық-этнографиялық шығармалардың түр-түрін ойнап, жиналған жұрттың таңдайын қақтырмақшы. Бұл күндері оркестрлер құрамы аса жауапкершілікпен дайындық үстінде.

   Айта кетейік, еліміздің шығысында алғашқы әскери оркестрдің негізін қалауға КСРО және ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, запастағы генерал-майор Александр Алексеевич Мартынов, Астанадағы өнер Академиясының құрметті академигі, профессор Ғабдырасул Есімханұлы Қайдаров және Халық қаһарманы Бақытжан Ертайұлы Ертаев көп күш салды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі ҚМ ҚМ 2001 жылғы 31-ші шілдедегі Директивасының негізінде құрылды. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"