«Шығыс» Өңқ 44736 әскери бөліміне 20 жыл толды

«Шығыс» Өңқ 44736 әскери бөліміне 20 жыл толды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің құрылғанына 20 жыл толуына орай гарнизондық офицерлер үйінде салтанатты жиын өтті. Әскери бөлім 1997 жылы 23 шілдеде ҚР Қорғаныс министрінің Директивасының негізінде құрылды.

 Жеке құрамды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы міндетін уақытша атқарушы полковник Сапарбек Бармақов құттықтады. Ол қызметтік міндетін жауапты атқарып, ынта-жігер танытқаны үшін (арнайы мақсаттағы) барлау-шабуылдау ротасының командирі аға лейтенант Талғат Байдарақовқа мақтау грамотасын табыс етіп, жауынгерлік және арнайы әзірлік бөлімінің аға офицері (жеңіл сүңгу дайындығы бойынша нұсқаушы) капитан Иван Костюченкоға алғыс жариялады.

 Бөлім командирі подполковник Сәбит Үркінбаев та ізгі тілегін білдірді. Әскери бөлімнің құрылғанына 20 жыл толуына байланысты бұйрыққа сәйкес, әскери қызметтегі кәсіби шеберлігі үшін (таулық) арнайы мақсаттағы барлау ротасының старшинасы 3-ші сыныпты сержант А.Хамзанов, барлау-жауынгерлік ротасы 3-ші барлау взводы барлау бөлімшесінің аға маманы (аға барлаушы) – оператор аға сержант Р.Асқаров, барлау-жауынгерлік ротасы 1-ші барлау взводы барлау бөлімшесінің аға маманы (аға барлаушы) – механик-жүргізуші аға сержант Е.Соғұмбаев, барлау-жауынгерлік ротасы 2-ші барлау взводы барлау бөлімшесінің аға маманы (аға барлаушы) – радиотелефонист сержант Т.Әміржанов, барлау-жауынгерлік ротасы 3-ші барлау взводы 1-ші барлау жауынгерлік бөлімшесінің маманы (барлаушы) – механик-жүргізуші кіші сержант Е.Сәрсенбаев, (таулық) арнайы мақсаттағы барлау ротасының 3-ші арнайы мақсаттағы барлау тобының маманы – барлаушы мерген кіші сержант Қ.Нұрділдә, барлау-жауынгерлік ротасы 1-ші барлау взводы 1-ші барлау жауынгерлік бөлімшесінің маманы (барлаушы) – мерген ефрейтор Р.Қожахметов грамотамен марапатталды.

   Әскери бөлімнің құрылғанына 20 жыл толуына арналған салтанатты жиында Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Соколов, Ауғанстан соғысының ардагері Әлібек Шагиев, әскери барлаудың ардагері запастағы полковник Марат Аманов та жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Мерекенің соңы гарнизондық офицерлер үйі көркемөнерпаздарының және әскери бөлім қызметкерлерінің концертіне ұласты. Бағдарламаға белсене қатысқан әскери қызметшілердің балалары да көпшіліктің қошеметіне бөленді. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП