«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 25 жылдығына орай ҚК ардагерлерінің ізгі-тілектері

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 25 жылдығына орай ҚК ардагерлерінің ізгі-тілектері

Оқырман назарына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 25 жылдығы қарсаңында Қарулы Күштеріміздің ардагерлері тарапынан білдірілген ізгі-тілектер легін ұсынып отырмыз.

Генерал-лейтенант Бақытжан ЕРТАЕВ, Халық қаһарманы


«Әскери адам болу  пешенеме жазылған дүние екен. Мен Семейде 1-ші армиялық корпустың командирі, кейін «Шығыс» әскери округының қолбасшысы болдым. Бұл – Абай, Шәкәрім, Мұхтар секілді қазақтың ұлы ойшылдарының және ержүрек батыр, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтың туған жері. Бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайтын еліміздің Қарулы Күштеріне 40 жылдан астам еңбек еттім, ешқашан аянбадым. Менің күнделігімнің шекесінде Кеңес Одағының Батыры, Халық қахарманы, аты аңызға айналған қазақтың қайсар ұлы Бауыржан Момышұлының «Ең қаһарлы қару – ол сарбаздың жаны, оған қажетті қару-жарақ – ол рухани азық» деген сөздер жазылған. Әскердегі құрылымда жеке құрамның моральдық рухын көтере білетін офицер, психолог, педагог, әскери міндетіне адал, тәртіпті, шыншыл, намысшыл, өз ісінің шебері, жоғары білікті кәсіпқой маман болуы керек. Әскери тәрбие жүйесінде тәрбиеші офицерлердің жеке тұлғасы әскери қызметшілер үшін маңызды рөл атқарады. Командир сарбазды өз баласындай құрметтеп тәрбиелегенде ғана еңбегінің нәтижесін көреді. Командир мен сарбаз арасында өзара сенім мен сыйластық, түсіністік пен тәртіп қалыптасқан жағдайда армияның беделі де арта түспек. Біз екінші дүниежүзілік соғысты көзімен көргендердің әңгімелерін тыңдап, Бауыржан ағаның кітаптарын оқып үйрендік. Ертеңгі армияның тізгініне ие болар жастарға мирас қалдырмасақ не болғанымыз? Күрделі де қызықты қызметтің өзіндік өрнегін келер ұрпаққа жеткізу міндетім деп есептеймін. Сарбаздар мен сардарлардың ішкі жан-дүниесін байытуға, патриоттық сезімін күшейтуге, өмірге деген құмарлығын арттыруға әлі де өз үлесімді қоса беремін. Әрдайым қазақтың қаһарман батырларының ерлігін негізге ала отырып, сүйіспеншілікті арттыратын, әрі рухты оятатын нағыз патриоттық іс жасауға шақырамын».

 

   Запастағы полковник Александр КОНОВАЛОВ, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері: «Мен 53 жыл өмірімнің керемет сәттерін әскери қызметте өткіздім. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 30217 әскери бөлімінде алты жылдан астам командирдің орынбасары – саясат бөлімінің бастығы болдым. Әрине, ширек ғасыр ішінде егемен еліміздің айбынды армиясы адам танымастай өзгерді. Біріншіден, Қарулы Күштерімізді құрудың алғашқы кезеңінде офицер құрамының ядросын және материалды құралдың қажетті қорын сақтап қалу міндеті болса, бүгінгі күні алдымызда мемлекетімізге төнуі мүмкін кез-келген қауіп-қатерге төтеп беруге әзір болу мақсаты тұр. 


Екіншіден, Қарулы Күштер заманның талабына сай әлемнің көптеген елі қолданатын техникамен қамтамасыз етілді. Мәселен, мотоатқыштар құрылымында алғашқы кезеңнен тек АК-74 қаруы, шабуыл және қорғаныс гранаталары ғана қалған. Үшіншіден, заманауи әскери техника, қару-жарақ, жабдықпен қоса қазақстандық әскери қызметшінің кескін-келбеті де танымастай өзгерді. Төртіншіден, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін материалды жағынан қамтамасыз ету мемлекетіміздің мол мүмкіндіктеріне толықтай сай келеді. Жауынгерлік жолы мен даңқты дәстүрлерінің терең тамыры Ұлы Отан соғысының шежіресімен сабақтасқан әскери құрылымдары мен бөлімдері бар еліміздің Қарулы Күштерінің ең ірі бірлестіктерінің бірі – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығын 25 жылдығымен Қарулы Күштер ардагерлерінің атынан  шын жүректен құттықтаймын! Генерал-майор Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов қолбасшылық ететін «Шығыс» өңірлігінің әскерилерінің Қазақстанның айбынды армиясының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметі жасай берсін!»

 

   Запастағы полковник Марат АМАНОВ, әскери барлаудың ардагері


«Мен әскери барлауда 30 жыл қызмет еттім. 1-ші армиялық корпуста, кейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында 1995 жылдың қараша айынан бастап 2010 жылдың қыркүйек айына дейінгі аралықта барлау басқармасын және жедел басқарма бөлімін басқардым. Қазіргі әскери барлау қызметін осыдан

25 жыл бұрынғы жағдаймен салыстыруға мүлдем келмейді. Анағұрлым алға жылжып кеткен. Әскери барлаушылардың жауынгерлік әзірлігінің деңгейі жетіліп, тиімділігі де анағұрлым артқан. Әсіресе лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресте бүгінгі заманның талабына сай кәсіби амалдар мен қимыл-әрекет әдістерін жан-жақты меңгеріп келеді. Ұрыс тактикасының, соғыс стратегиясының өзгеруіне сәйкес, жеке құрам да озық әскери қару-жарақ және техникамен қамтамасыз етілген. Толықтай мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығында». 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений