«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында «Үздік байланыс бастығы» анықталды

2013 жылы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөліміне он төрт лейтенанттың ішінде Нойруз Әлиев те қабылданды. Туып-өскен жері - Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы Шүкірбұлақ ауылы. Әскери радиоэлектроника және байланыс институтын тәмамдаған жас лейтенантқа әскерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі бойынша офицер лауазымы сеніп тапсырылды.

Ол 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап байланыс және әскерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің бастығы. Ал, 2016 жылғы қысқы оқу мерзімінің қорытындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Үздік байланыс бастығы» атанды.

Нойруз Кәмілұлы Әлиевтің ұлты – әзербайжан. Бұл бөлімде қазақтардан басқа, орыс, әзербайжан, корей ұлтының өкілі де бар. «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары көп ұлтты кеңес армиясы береке-бірліктің, шынайы татулық пен достықтың арқасында жеңіске жетті. Батыр бабалардың ерен ерлігімен бейбіт күнге жеткен жас ұрпақпыз. Біз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына қабылданарда да еліміздің Президентіне және ең бастысы - Қазақстанның көп ұлтты халқына адал болуға серт бердік. Ұлтымыз, тіліміз, діліміз бен дініміз түрлі болса да, Отанымыз – Қазақстан. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен еркіндігін, намысын жан қиярлықпен қорғау құқықтық және моральдық міндетіміз», дейді аға лейтенант. Әскери қызметтің жүгін көтеруге белін бекем буған Нойруз Әлиев қиындықты шыдаммен, қайратпен жеңе алатынына сендірді.                                                                                      


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"