"Шығыс" өңірлік қолбасшылығында құқық бұзушылықты болдырмау шарасы өтті

Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы қыркүйек айы бойы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей гарнизонына қарасты әскери бөлімдер мен мекемелерде «Заңның сақталуы – құқық тәртібінің кепілі» акциясының шеңберінде ескерту-сауықтыру шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Әкімшілік құқық бұзушылықты ескерту, сауықтыру және алдын-алуға бағытталған шара барысында Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы, әділет аға лейтенанты Нұрлан Заңқанов әскери бөлімдер мен мекемелердің  барлық деңгейдегі әскери қызметшілерімен жүздесті. Әскерилерге ҚР Қылмыстық кодексі пен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің артықшылығын, әскери қызметшілерге қолданатын жазаның жүйесін, «Бостандықты шектеу» мен «қамауға» алмастырылған «Гауптвахтаға жабу» жазасын жан-жақты түсіндірді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген «Миранда ережесі» туралы да айтылды. «Әкімшілік құқықты бұзған жағдайда әскерилер қандай жауапкершілікке тартылады, әсіресе көлік жүргізетін әскерилерге, олардың көлік құралдарына нендей талаптар қойылады?» деген сұрақтарға сапалы және түсінікті деңгейде жауап берді. Жаңа редакция қылмыстық процестің оңтайландырылуымен және үнемдеудің артуымен, оны халықаралық стандарттарға сәйкестендірумен және азаматтардың конституциялық құқын барынша қорғаумен ерекшеленетінін де баян етті. Кездесуде құқық пен қылмыс бұзушылықтарға жол бермеу жолында ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскери құрылымдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу Жоспарының орындалуына да баса көңіл бөлінді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"