«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы өтті

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы және тілдерді қолдану мен дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы өтті.

Мемлекеттік тілді үздік үйренушіні анықтау үшін ұйымдастырылған шараға 35804, 30217, 36803, 28738, 54770, 44793 әскери бөлімдерінен түрлі ұлт өкілдері қатысты. Әрқайсысы өзін мемлекеттік тілде таныстырды. «Мақал-сөздің мәйегі» кезеңінде экранда көрсетілген мақал-мәтелдің жалғасын дұрыс тауып, мағынасын түсіндірді. Мақал-мәтелдер тіл, сөз, Отан, туған жер, ер, ерлік, батырлық, оқу, білім, достық, бірлік, еңбек, өнер, отбасы, тәрбие тақырыбында болды. «Бетпе-бет» дебатында берілген тақырыпқа екі адам қарама-қарсы дәлелдер айтып, сөз таластырды. Ал, «Сөзмерген» сайысында бір минуттың ішінде іс жүргізуде жиі қолданылатын сөздерді, құжаттар мен қару-жарақ атауларын, саптық командаларды мемлекеттік тілде шапшаң, әрі дұрыс айтудан білімдерін ортаға салды. Байқауға ҚР ҚМ мемлекеттік тілді дамыту басқармасының аға офицері майор Ғабит Баймұханов пен Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі оқу секторының маманы Қырмызы Есімбекова қазылық етті. Олар түрлі ұлт өкілдерінің белсенділігіне, тапқырлығына, ойды жеткізудегі тіл байлығы мен мәдениетіне ерекше мән берді. Қатысушылардың барлығы да мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"