«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында жылды қорытындылаған кеңес өтті

«Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысы басқармасының комиссиясы 44736 әскери бөлімінде 2016 оқу жылының қорытындысы бойынша жоспарлы тексеру жүргізе бастады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

   Әскери бөлімнің ашық алаңына сымдай тартылып сапқа тұрған жеке құрамның алдында комиссияның төрағасы «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штабтар бастығы полковник Талғат Қабдыбекұлы Исмаилов сөз сөйледі. Ол тексерістің мақсат-мұратына тоқтала келе, комиссияның мүшелерімен таныстырды. Бұдан соң әскери қызметшілердің мамандығына қатысты сұрақтар қойып, кәсіби біліктілігін тексерді. Барлаушылардың саптық дайындығын да көрді. Автопарктердегі техниканың жағдайына, қару-жарақ қоймаларының қызметіне, қару-жарақ пен оқ-дәріні сақтау тәртібіне, қауіпсіздік шараларының қатаң қадағалануына да көз жеткізді.

   Оқу жылындағы дайындық жоспарына сәйкес, әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігінің деңгейін бағалауды мақсат еткен тексеріс қазан айының 18-іне дейін жалғасады. Осы уақыттың аралығында әскери қызметшілер саптық әзірлік, жалпыәскери жарлықтар, мемлекеттік-құқықтық дайындық, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, атыс даярлығы, дене дайындығы, мобилизациялық әзірлік, роталық тактикалық (тактикалы-арнайы) жаттығулар, әскери топография, инженерлік және техникалық дайындық, көлік жүргізу пәндері бойынша сынақтан өтеді. Комиссияның құрамында полковник М.Дүсіпов, подполковник И.Арапов, подполковник Б.Бисенбаев, подполковник Б.Таубаев, майор А.Неудахин, майор М.Мауытқазы, капитан Ә.Қобасов, аға лейтенант Б.Мұздыбаев бар. Олар әскери бөлім басқармасының, барлау роталары мен штабтық ротаның, медициналық пунктің әзірлігіне жеке-жеке баға береді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"