«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында жеңіл сүңгу дайындығы пысықталды

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлік жөніндегі жоспарына сәйкес, жеңіл сүңгу дайындығы бойынша жиын өтті.

  Семейдегі судан құтқару стансасының базасында ұйымдастырылған жиын ҚР ТЖМ ШҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаментімен өзара іс-қимыл нәтижесінде жүзеге асты. Штаттық және қол астындағы суда жүзу құралдарының көмегімен қарсыластың нысанын жою жөнінде топтың әрекеті пысықталды. Өзеннің жағасына шегіну әрекетін қолданып көрген қарсыласқа амфибиялық ротаның жауынгерлері төтеп берді. Амфибиялық рота моторлы қайықтарды су айдынында пайдалану, сулы жағдайда адамдарды құтқару және қарсылас нысанының көзін жою жөніндегі тапсырманы ойдағыдай орындады. Жиынның барысында жеке құрам әскери топография, әскери-медициналық және тактикалық дайындық бойынша теориялық білімін де тәжірибе жүзінде бекітті.

   44736 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және арнайы дайындық жөніндегі орынбасары майор Василий Подгайченко:

   «Бүгінгі күні ұрыс тактикасы мүлдем өзгерді. Нақтырақ айтқанда, соғыс стратегиясы қалаға көшті. Қаланың өз ерекшеліктерін ескеріп, террорлық әрекетке қарсы заманның талабына сай түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, үйреніп, оны іс жүзінде қолдана білуіміз де керек. Осындай жаттығулар жауынгерлік дайындықты күшейтуге, шеберлікті одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Дұрыс тактикалық әрекеттерге, ұрыста қару-жарақ пен әскери техниканы тиімді пайдалануға, құрылымдардың атысты басқару біліктілігіне, әрі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға ерекше көңіл бөлінді».


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"