"Шығыс" өңірлік қолбасшылығында жауынгерлік ату сабақтары өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлік жөніндегі жоспарына сәйкес, «Шығыс» жалпыәскери полигонында барлау құрылымдарының далалық жиыны барысында бөлімшелердің (топшалардың) жауынгерлік ату сабақтары өтті.

   Бөлімшелердің (топшалардың) жауынгерлік ату сабақтары барысында бөлімшелердің күрделі жағдайдағы қимыл-әрекеті мен ауыз біршілігіне, бөлімше командирлерінің жауынгерлік тәртіпті ұйымдастырудағы тәжірибесі мен атысты басқарудағы біліктілігіне, әрі қару-жарақты тиімді пайдалану тәжірибесіне баға берілді. Сондай-ақ, реактивті-артиллериялық батареяның жеке құрамы 60 мм «Commando» минометінен атыс міндеттерін орындауда тәжірибелік дағдыны барынша жетілдіре білді. Далалық жағдайдағы атыс дайындығы бойынша майор Дәурен Мырзалы жақсы жағынан көрінді. Барлаушылар жауынгерлік дайындықтарының деңгейін көрсетіп, соңғы кезеңде 20 шақырымдық маршты да жүзеге асырды. «Шығыс» жалпыәскери полигонындағы барлау құрылымдарының далалық жиынына 44736 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және арнайы дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Василий Подгайченко жетекшілік етті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"