«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында діни экстремизмсге қарсы сауықтыру шарасы өтті

Еліміздің Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің дәстүрлі емес діндердің ықпалына түсіп қалмаудың алдын-алу мақсатындағы сауықтыру шарасы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

 Әскери қызметшілер алдында Семей қаласы әкімшілігінің жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Айдын Қайырбекұлы мен Семей қаласы ІІБ экстремизмге қарсы күрес жөніндегі топтың жедел уәкілі полиция капитаны Еркін Исабеков діни экстремизм мен терроризм туралы өз пайымдауларын ортаға салды.

Қоғамда «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» толерантты діни сананы және радикалды идеологияға деген иммунитетті күшейтуге мүмкіндік беретінін айтты.

Тұрғындардың діни сауатсыздығы, дәстүрлі құндылықтарды бағалаудың құлдырауы, діни экстремизмнің қауіптілігін бұқаралық сананың әлі де толық түсінбеуі, деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитеттің қалыптаспауы, мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық татулық пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған діни экстремистік көзқарас пен мақсатқа негізделген радикалдық идеологияларды ұстанатын бірлестіктердің пайда болуы, дәстүрлі емес діни радикалдық ұйымдардың қоғам ішінде діни төзімсіздік, қорқыныш пен үрейді күшейтуі – бұл еліміздегі діни ахуалдың бүгінгі көрінісі.

Әскери қауымдастық арасында сауықтыру шарасын өткізудің мұраты да сол, әскери қызметшілерді өзге дінді уағыздаушылардан аулақ болуды, оларға түрлі діни көзқарасты дәлелдеуден қашуды, діни бағыттағы парақшалар мен журналдарды алудан бас тартуды ескерту. Сондай-ақ, өмірдегі арман мен мақсатты, жетістік пен тыныштықты дәстүрлі емес бағыттағы діни ұйымдардан іздеу – үлкен қателік, орны толмас өкініш екенін түсіндіру. Кездесу соңында әскери қызметшілерге бейнефильм де көрсетілді. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"