«Шығыс» жалпыәскери полигонында далалық оқу жаттығулар өтті

«Шығыс» жалпыәскери полигонында далалық оқу жаттығулар өтті
Суретті түсірген Алуа Искакова

35804 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес, «Шығыс» жалпыәскери полигонында далалық оқу жаттығулары өтті. Ол радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті нысандардағы апаттың залалдарын жоюдың міндеттерін орындау жөніндегі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау батальонының іс-әрекетіне арналды.

   Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау батальонының жеке құрамы белгіленген ауданға маршты жүзеге асырды. Полигонда шатырлы лагерь көтеріп, бақылау бекетін жабдықтады. Қалашықта далалық командалық басқару пунктері, тәуліктік кезекшілік, техниканы қамтамасыз ету, байланыс, ас әзірлеу, алғашқы медициналық көмек көрсету қызметтерін ұйымдастырды. Сондай-ақ, БРДМ- 2, АрС-14, ТДА әскери техникаларын және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарын далалық жағдайда қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгерді.

Жаттығу барысында бөлімшелер арасында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау нормативтері бойынша жауынгерлік жарыстар да болды. Мәселен, радиациялық, химиялық және биологиялық барлау құралдарының көмегіне жүгініп, залалданған аймақты анықтады. Арнайы өңдеу бөлімшелері АРС-14 әскери техникасын қызметке дайындады. Аэрозольды қарсы әрекет ету бойынша нормативтерді орындады. Құрамалар арасында көптеген мәдени іс-шаралар да қолға алынды. Тәжірибелік жұмыстарды көрсетуде қамтамасыз ету взводының командирлері прапорщик Р.Айтмұхаметов, арнайы өңдеу взводының командирі 2 сыныпты сержант Е.Садықов, аға сержант Б.Рахымбаев, рота сержанттары 3 сыныпты сержант Қ. Рахымжанов, сержант Б.Мамырханов, бөлімше командирлері сержант Қ.Жұмақанов, кіші сержант Н.Досбаев, сержант Қ.Дәулетқанов, кіші сержант А.Биахметов, кіші сержант Қ.Торғаев, ефрейтор Т.Сейітқазин, қатардағы А.Жұмағұл озық шықты. Бөлім командирі майор Р.Құрбанов взвод командирлеріне өз бағасын беріп, далалық оқу жаттығуында өзгелерден ерекшеленген әскери қызметшілерді марапаттады. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений