Шығыс аймағының әскери прокуратурасы азаматтармен жүздесті

Шығыс аймағының әскери прокуратурасы азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.

Шығыс аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Серік Төреханов пен оның орынбасары әділет подполковнигі Талғат Бермағамбетовтың кезекті қабылдауына келген екі адам келісім-шарт бойынша әскери қызметке шақырылу және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде сұрақтар қойды. Сауалдарға әскери прокурор түсіндіру сипатында ауызша жауап берді. Азаматтардың жеке қабылдауы «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының ғимаратында өтті.

   Айта кетейік, бұл шара Бас әскери прокурордың «Тұрғындар үшін «Ашық есік күнін» өткізуді қамтамасыз ету туралы» өкіміне, сондай-ақ, азаматтардың өтініштерін жеке қабылдауларда тоқсан сайын бір рет өткізіп тұру үшін әскери прокуратура мен «Нұр Отан» партиясының филиалы арасында жасалған меморандумға сәйкес жүзеге асты. Шығыс аймағының әскери прокуратурасы тұрғындардың сенім деңгейін арттыру мақсатында семинар-кеңестерді, дөңгелек стол басындағы кездесулерді, Семей қаласының және гарнизонның әскери қызметшілерімен жеке жүздесулерді тұрақты түрде жүргізіп келеді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"