«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскерилердің командирлік дайындығы жөнінде жиын басталды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер мен құрамалардың батальондар (дивизиондар) сержанттарының командирлік дайындығы жөнінде жиын басталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

   Ол сержанттардың жауынгерлік шеберлігі мен кәсіби дайындығының деңгейін одан әрі арттыру, сержанттар арасындағы жақсы бәсекелестік жағдайды және бүгінгі заманның талаптарына сай кәсіби келбетін қалыптастыру, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы сержанттарының жұмыс әдіс-тәсілдері мен озық тәжірибелерін жан-жақты тарату мақсатында ұйымдастырылды. 

Сержанттар бағынышты адамдарды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі сержанттық құрам мен офицерлер арасындағы өзара байланыс және күнделікті қызмет барысындағы тәжірибелерімен бөліседі. Жауынгерлік дайындық жөнінде жеке құраммен жауынгерлік әзірлік жөнінде сабақ жүргізудің әдісі мен сапасына басты назар бөлінеді. Мәліметті жетік меңгеру мақсатындағы дәрістерде қатысушылар талқыланған мәселеге қатысты өз ойын еркін жеткізіп, сауалдарына толық жауап алады. 

Ал, топтық сабақтарда теориялық білімді тереңдетіп, оны іс жүзінде көрсете білудің ептілігіне мән беріледі. Мәселен, қарамағындағы қызметкерлер арасында шиеленіскен ахуал туындаған жағдайдағы сержанттың әрекетін сабаққа қатысушылар рөлдерде ойнап көрсетеді. Оқытушының тапсырмасымен бетпе-бет келген сержантқа күтпеген түрлі жағдайларға байланысты шешім қабылдап, оған түсінік беру міндеті де жүктеледі. Сондай-ақ, саптық дайындық, дене даярлығы, жетекші құжаттар мен кәсіптік тәртіпке қатысты 100 сұрақтан құралған бірыңғай әскери-кәсіби тест тапсыру, тактикалық дайындық, байланыс жөніндегі дайындық, атыс даярлығы, инженерлік дайындық, әскерді күнделікті басқару, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс, әскери топография, жалпы әскери жарлықтар, техникалық әзірлік, әскери-медициналық дайындық, әскери психология және педагогика пәндері бойынша сынақ тапсырады. Жиынның басым бөлігі 44793 және 28738 әскери бөлімдерінің оқу базасында және «Шығыс» жалпы әскери полигонында өтеді.

 1-сыныпты сержант Нұрболат ОҚАСОВ, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі топтың нұсқаушы-сержанты:

–       Батальондар (дивизиондар) сержанттарының командирлік дайындығы жөнінде жиын не үшін қажет? Сержанттардың білімін тексеріп, кәсіби әзірлік деңгейін көтеру үшін маңызды. Әрі лауазымына сәйкес нәтижелі жұмыс жасау үшін сержанттың әскери, техникалық және арнайы білімінің көлемін толықтыру үшін керек. Осындай жиындарда оқу мен тәрбиенің бірыңғай әдістемесі анықталып, оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен түрлері де енгізіледі. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"