Ширек ғасырдағы белестер

Ширек ғасырдағы белестер

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінің құрылғанына ширек ғасыр болды.

Еліміздің шекарасын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған бұл Әскери бөлімнің қалыптасуына әр жылдарда басқарған подполковник Әлімжан Ерниязов, подполковник Тимур Әбішев, подполковник Бауыржан Кабатов, подполковник Виталий Добринский, полковник Асқан Тасболатов, подполковник Нұрлан Қашағанов, полковник Данияр Қонақбаев, подполковник Руслан Акмолин, подполковник Талғат Сапарбаев және подполковник Ержан Ибраев көп еңбек етті.

   Аталмыш бөлім Қарулы Күштеріміздің дамуына өз үлесін қосуды одан әрі жалғастырып келеді. Яғни, қазіргі заманғы әскери техникамен, қару-жарақпен жабдықталған. Жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі де бір жүйеге қойылған. Әрдайым алдыңғы шептен көрініп келеді. Мәселен, әскери мамандықтарға қатысты «Армия ойындары – 2016» халықаралық жарысы шеңберінде Ресей Федерациясының «Алабино» полигонында ұйымдастырылған «Суворов шабуылы» жарысынан бөлімінің әскерилері жеңіспен оралды. Жауынгерлік ұрыс машинасының командирі лейтенант Ерлан Мұқатаев, жауынгерлік ұрыс машинасының көздеуші операторы кіші сержант Ерасыл Маратов, жауынгерлік ұрыс машинасының механик-жүргізушісі аға сержант Степан Тамбовцев «Суворов шабуылы» жарысында «Жауынгерлік машина экипажы» номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алды.

Ал, 2018 оқу жылының қысқы мерзімінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері бөлімдері мен құрылымдарының батальондары арасындағы «Мерген батальон» жарысында 2-ші мотоатқыштар батальоны бірінші орынды ұтып алды. Подполковник Мұрат Арапбаев басшылық ететін бөлімнің әскери қызметішілері батыр бабалардың жауынгерлік дәстүрін жалғастырып, еліміздің стратегиялық маңызды аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауынгерлік міндеттерін абыроймен атқара бермек.

 

АРНАУ

 

25 жылдық тарихы бар бөлімім,

Шығысымда танылдың сен, көріндің.

Жаттығуда шеберлікті танытқан

Асқақтаттың абыройын өр ұлдың.

 

Мақтанышпен әрбір сарбаз, сардарың,

Қызмет қып саған еңбек етуде.

Отаным деп, өзің үшін аянбай,

Жақсы деген нәтижеге жетуге.

Шығыс өңір қолбасшылық аймағы,

Жаңа-Ахмер тұрақтаған айлағы.

Бригадам жиналған қол әскері

Абыройды, мәртебені ойлады.

                                

 

Ұрыс туым желбіресін биікте,

Қарулы күш керегесі арда боп.

Тер төгеміз қырағылық танытып,

Жауынгерлік дайындықта алда боп.

 

Дабыл қақса дамылдамай тынбады,

Бұйрықтарын командирлер тыңдады.

Жаяу әскер жауынгері – сарбаздар

Кәсіби бір шеберлікті шыңдады.

 

Қызметінде сан қырынан танылып,

Бригадам атың шықсын жаңғырып.

Жайнай берші, жаңара бер таң қылып.

Отан қорғау – киелі іс мәңгілік!

 

Капитан Нұржан Малғаждаров

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Хроника Независимости: 20 важнейших событий

Хроника Независимости: 20 важнейших событий