Шақырылуға дейінгі жастарға әскери мамандықтар мен жоғары оқу орындары туралы айтып берді

Жергілікті әскери басқару органдары Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірлесе әскери жоғары орындарына оқуға түсу және әскери мамандықтарды оқу мәселелері бойынша шақырылуға дейінгі жастармен жұмыс жүргізуде.

Сонымен, Алматыда қазақстандық әскери институттар және жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері жалпы білім беру оқу орындарының түлектерімен кездесті. Әскери қызметшілер бозбалаларға еліміздің Қарулы Күштері білікті офицерлік кадрларды дайындайтын әскери мамандықтар, оқу орындары, әскери жоғары оқу орнындағы мүмкіндіктер мен басымдықтар, әскери қызметшілердің әрі қарайғы әскери қызметі мен әлеуметтік пакет туралы айтып берді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда әскери мамандарды дайындауды жүзеге асыратын үш әскери жоғары оқу орны жұмыс жасайды. Ол Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты. Жыл сайын әскери мамандықтар еліміздегі жастардың назарын аудартуда. Біршама қазақстандық жастар өздеріне әскеридің кәсібін таңдауда. Әскери жоғары оқу орындарында олар Қарулы Күштерде сұранысқа ие мамандықтарды игеріп, «лейтенант» әскери шенінде жоғары білікті маманға ие болып, кәсіби Отан қорғаушыларға айналады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"