Шақырылу контингентін сапасы жыл сайын артып келеді

Қарағандыда жергілікті әскери басқару органдарының өкілдерімен жиын өтті. Оған жергілікті атқару органдарының өкілдері де қатысты. Іс-шараның ашылуы барысында «Көктем-2016» шақыру қорытындысы шығарылып, сондай-ақ, алдағы күзгі шақырылымға тапсырмалар белгіленді.

«Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұдайы жіті назарының арқасында бізде қазіргі уақытта заманауи қару-жарақ және әскери техникамен қамтамасыз етілген өзіндік, жауынгерлік қабілетті, ұтқыр, Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бар. Бұл ретте қару-жарақ және техникамен жоғары деңгейде жабдықталуына қарамастан, негізгі жауынгерлік компонент адамның әлеуеті, яғни, жеке құрам болып қала береді.  Шақырылу контингентінің сапасы артып келеді. Біз қазіргі кезде сарбаздардан анағұрлым жақсы, сауаттырақ сарбаздарды қабылдап жатырмыз. Аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіру мақсатында Елбасының Жарлығымен ҚР әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіне аумақтық қорғаныс жүйесін кіріктіру тұжырымдамасы бекітілді.  Тұжырымдама шеңберінде аумақтық қорғаныс басқармасы құрылды. Оның негізгі міндеттері жалпы жетекшілік етуді жүзеге асыру болып табылады», - деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев. 

Көктемгі шақырылым қорытындысы бойынша Алматы, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері жақсы жағынан белгіленді. Сонымен бірге, шақырылу контингентін алдын ала зерделеу, сондай-ақ, мектептерде ұйымдастырылатын алғашқы әскери дайындық мәселелері қозғалды.
Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"