Семей қаласынан әскер қатарына 197 адам шақырылып отыр

«Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы 620-шы қаулысының тармақтарына сәйкес, әскери қызметке шақыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

   Күзгі әскерге шақыру шарасы Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасының, қала әкімі аппаратының, денсаулық сақтау бөлімінің, ішкі істер басқармасының және ауылдық округтердің өзара тығыз байланысының нәтижесінде қолға алынды. Әскерге шақырылғандарға «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңның, әскери тіркеуге тұру ережелерінің және тағы да басқа ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметіне өтуді реттейтін нормативті актілердің сақталу барысы түсіндірілді. 

Олар енді әскерге шақырылушылардың апталығына да қатысып, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерін аралайды. Әскери техника мен қару-жарақтың үлгілерімен де жақынырақ танысады. Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасының мәліметіне жүгінсек, әскерге 197 адам шақырылып отыр. 

Оның 65-і ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне, 78 адам ҚР ҰҚК шекара қызметіне, ал, 54 адам ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясына жіберіледі. Жасы әскер жасына шақыруға толғандар арасында алдын-ала жүргізілген зерделеу жұмыстарына қарағанда, жастар арасында көз аурулары, омыртқаның қисықтығы, құлақ аурулары жиі кездеседі. Соған қарамастан әскерге барғысы келетіндердің саны жылдан-жылға артып келеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"