Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының жеке құрамы онкүндікті аяқтады

Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының жеке  құрамы «Салауатты өмір салтын насихаттау, маскүнемдікті, есірткі және улы заттарды пайдалануды ескерту» жөніндегі онкүндікті аяқтады.

Онкүндікті сапалы өткізу үшін жоспар құрылып, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағында және Семей гарнизонының әскери бөлімдерінде бірқатар алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. Ең алдымен әскери қызметшілерге салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, талап ету, спортпен шұғылдану сияқты өзекті мәселелер төңірегінде дәрістер қолға алынды. Спирттік ішімдіктерді, есірткі және улы заттарды пайдаланып, әртүрлі жазаға тартылған әскери қызметшілер жайлы деректер ұсынылды. Жасақтың медициналық пункт бастығы азаматтық персонал А.Мүсірепова маскүнемдіктің, темекі және есірткі пайдаланудың, дұрыс тамақтанбаудың зияндылығы туралы пайдалы мәліметтерге толы баяндама оқыды. 

Семей қаласы наркологиялық орталық мамандары әзірлеген «Нашақорлықтың құрбандары» бейнебаяны да көрсетілді.  Жасақтың кіре берісіне «Алкоголь – сенің жауың!», «Алкогольдің адам ағзасына әсері», «Жаман әдеттен жирен», «Наркотики?» тақырыптарында көрнекі ақпараттандыру бұрышы ашылып, әскери қызметшілердің өз бетінше оқуына мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, жасақта дөңгелек үстел басына жиналғандар «Алкоголизм мен нашақорлық – құқық бұзушылықтың, тәртіп бұзушылықтың басты көзі» тақырыбын талқылады. Осы тақырыптағы алдын-алу жұмыстарын Семей гарнизонының әскери бөлімдеріне бекітілген жасақтың әскери қызметшілері әскери бөлім басшылығымен бірлесе өткізді. 

Әскери қызметшілердің есірткі заттарын пайдалану, киім қалталарында сақтау және әскери бөлім ғимараттарын тексеру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуге әскери полиция бөлімінің қызметтік иттері де қамтылды. Онкүндіктің барысында жасақтағы және Семей гарнизонындағы әскери бөлімнің әскери қызметшілеріне салауатты өмір салтын сақтау – дұрыс өмір сүрудің сүбелі қағидасы екені жан-жақты жеткізілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"