Сайыскерлер сайысқа сақадай сай

Сайыскерлер сайысқа сақадай сай

Тамыз айындағы үлкен дода – халықаралық армия ойындары. Оған  жауынгерлеріміз шілденің шіліңгір ыстығына қарамай, күндіз-түні қызу дайындалып жатыр.
Ел әскерінің өнер көрсететін байқаулардың пішімі мен ерекшелігі әр алуан. Кәсіпқойлық жағынан бақ сынасып, халықаралық аренада Қазақстан Қарулы Күштерің намысын әскери ұшқыштар, теңізшілер, десантшылар, жүргізушілер, танкішілер мен теңіз жаяу әскерлері, инженерлер, әскери дәрігерлер, әскери аспазшылар, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандары, кинологтар, сүңгуірлер, мергендер, артиллерияшылар және тағы басқа да әскерилер қорғайды.
Байрақты әскери бәсекенің беделі ТМД және әлем жұртшылығына белгілі. Ең бастысы, бұл додада қазақстандық әскери қызметшілер өздерінің белсенділіктерін мойындатып келеді.

Министр сәттілік тіледі Отар 40-шы әскери базасында Нұрлан Ермекбаев байқаулардың өткізілу орындарын, қатысушы командалардың тұруы жағдайларын, маршруттардың орналасуын тексерді. Әскери ведомство басшысы ойындарды өткізуге дайындық жұмыстарының одан әрі сапалы орындалуы бойынша ұйымдастыруға жауапты адамдарға бірқатар нақты тапсырмалар қойды. Одан басқа, Нұрлан Ермекбаев қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жай-күйін тексерді. Сондай-ақ Қорғаныс министріне танк экипаждарының, ұшқышсыз ұшатын аппараттар есептоптарының, байланысшылар мен артиллерияшылардың жаттығулары көрсетілді. Әскери қызметшілермен кездесе отырып, ол сайыста сәттілік пен жоғары деңгейдегі өнер көрсетуді тіледі. Биылғы жылы Армиялық халықаралық ойындар аясында Қазақстан аумағында «Сұңқар аңшылығы», «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және әскери байланысшылардың «Сенімді қабылдау» байқаулары өтеді. Оған Әзербайжан, Армения, Беларусия, Венесуэла, Мысыр, Иран, Қырғызстан, Ресей, Сирия және Өзбекстанның әскери қызметшілері қатысады. 32 байқаудың ішінен Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері 16 байқауға қатысады. Анықтамалық: Армиялық халықаралық ойындар алғаш рет 2015 жылы Ресей Федерациясының аумағында өткізілді. Сайысқа 17 елден – Әзербайжан, Ангола, Армения, Беларусия, Венесуэла, Мысыр, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Моңғолия, Никарагуа, Пәкістан, Ресей, Сербия және Тәжікстаннан 56 команда қатысты. Екінші рет ойындар 2016 жылы өткізілді. Сайыс 20 полигонда үш теңіздің су айдынында өтті. Ойынға қатысушылардың жалпы саны 3 мыңға жуық адамды құрады. 23 байқауға 19 елден 121 команда қатысты. Алғаш рет 2016 жылы «Мерген шебі» және «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқаулары Қазақстанның аумағында ұйымдастырылды. 2017 жылы үшінші халықаралық ойындарға 28 елдің 150 командасын құраған 4,5 мыңнан аса әскери қатысты. 2017 жылғы халықаралық ойындардың бағдарламасына бес жаңа сайыс, яғни, «Тәртіп сақшылары», «Әскери ралли», «Достастық жауынгері», «Ұшқышсыз ұшатын аппараттар есептоптарының сайысы» және «Жол патрулі» сайыстары кірді. 2018 жылы Армиялық халықаралық ойындарға 33 елден 180-нен аса команда қатысты. Ағымдағы жылы Армиялық халықаралық ойындар Әзербайжан, Армения, Беларусия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстанның аумағында өтеді. Байқауларға барлығы әлемнің 34 елінен 216 команда қатысады. Дәстүрді дәріптеген тұңғыш марафон Жамбыл облысының Теріс-Ащыбұлақ полигонында "АрХО-2019" әскери халықаралық ойындары аясында өтетін "ат марафоны" байқауына қатысатын Қазақстан Қарулы Күштері командаларының соңғы жаттығулары өтті. Жалпы байқау алдағы уақытта Монғолия Қарулы Күштерінің біріккен оқу орталығы базасында өтеді. Ал еліміз командасының жарысқа қатысуға дайындығы биылғы жылдың сәуір айында басталды. Күн сайын әскери қызметшілер әзірліктерін шыңдап, өздерінің жауынгерлік машықтарын жетілдіріп, Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында болатын тұңғыш халықаралық ат марафонына дайындық үстінде. Команданың негізін Қазақстан Қарулы Күштеріне қарасты Құрлық әскерлерінің "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының жалғыз таулы-егерлік бөлімшесінің әскери қызметшілері құрайды. –Команда құрамына Қазақстан Армиясының басқа да әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері кіреді, - деп атап өтті қазақстандық команданың жаттықтырушысы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 91678 әскери бөлімінің сержанты 1-ші сыныпты сержант Мереке Сейсебаев. – Мықты бәсекелестік құру, бәсекелестікке қабілеттілік рухын қалыптастыру және шын мәнінде күшті және лайықты әскери қызметшілерді анықтау үшін команданың әлеуетті қатысушыларының шеңберін кеңейту және мықтыларды таңдау мүмкіндігі мақсатында іріктеу жүргізілді. Іріктеуге Қарулы Күштердің республиканың барлық өңірлерінен барынша дайындалған әскери қызметшілері қатысты. Дене шынықтыру дайындығының деңгейіне қатаң талаптар қою мен іріктеу комиссиясы мүшелерінің бейтараптығы қатысушы командалар қатарына ең мықты және ең лайықты деген әскери қызметшілерді ғана іріктеуге мүмкіндік берді. Конкурстың толық атауы «Аравт ат марафоны" деп аталады. Моңғолияда Аравт сөзі он адамнан тұратын салт атты жауынгерлер тобы деген мағынаны береді. Сонша негізгі қатысушы конкурс командасының құрамына кіреді. Сондай-ақ, команданы үш қосалқы әскери қызметші толықтырады. – Қазақстандық команданың жауынгерлік рухы жоғары, - дейді команданы басқаратын "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Дәурен Хамитов. – Балалардың ат марафоны бойынша халықаралық жарыстарда лайықты өнер көрсетуге ұмтылысы жоғары. Олардың әрқайсысы ат марафонының барлық кезеңдерін сапалы орындау үшін барынша күш салуға ниетті. "Аравт ат марафоны" байқауының ережесі бойынша Монғолияның Қарулы Күштері жарысқа қатысушыларды атпен, атыс қаруымен, жауынгерлік және оқу оқ-дәрілерімен қамтамасыз етеді. Жарысқа қатысушыларға өздерінің киім-кешектері мен ат жабдықтарын ғана пайдалануға рұқсат етіледі. "Аравт ат марафоны" конкурсының ресми тілдері орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Биыл бұл конкурс Халықаралық армиялық ойындар шеңберінде алғаш рет өткізіліп отыр. Негізгі мақсат – қатысушы мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын нығайту, жауынгерлік міндеттерді орындау үшін атқа отыру дағдыларын арттыру, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың далалық машықтарын арттыру. «Аравт Халықаралық ат марафоны» тамыздың бірінші онкүндігінде өтеді. Оның қатысушылары әртүрлі міндеттерді орындау керек, атап айтқанда таулы және орманды жерлерде бірнеше шақырымдық учаскелерді аттармен еңсеру, кедергілер жолағынан өту эстафетасына қатысу, атыс қаруынан ату, гранатаны лақтыру. Сондай-ақ, ат марафонына қатысушылар моңғол аттарын жүгендеп, ерттеп мініп, жылқылардың көмегімен шартты түрде жараланғандарды және оқ-дәрілерді тасымалдау қажет. Қазақстан Қарулы Күштері командасының әскери қызметшілері мұндай сайыстарға қатысу жеңіске талпынудан басқа, "Аравт ат марафонына" қатысушы басқа да елдердің командаларымен танысу және достасуға мүмкіндік бергені үшін де маңызды, өйткені жауынгерлік бауырластық, халықтар достығы – бейбітшілік пен тұрақтылықтың ең басты кепілі деп санайды. Десантшылар әскеріміздің күш-қуатын паш етуге әзір Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің үздік жауынгерлері Ресей Федерациясының Псков облысында өтетін «Десанттық взвод» конкурсында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын болады. Алматы облысының «Іле» оқу полигонында АрХО-2019 халықаралық әскери ойындарына қатысатын «Десанттық взвод» құрама командасы соңғы дайындықтарын жүргізуде. Бұл конкурсқа іріктеу жұмыстары бірнеше кезеңдерден тұрды. Әскери қызметшілер өздерінің мықтылығын батальондық, бригадалық және әскер деңгейінде дәлелдеп іріктелді. Конкурс ережесіне сай 42 әскери қызметші іріктеліп, 3 негізгі бөлімше мен 1 қосалқы бөлімше жасақталды. Конкурстың негізгі бөлімі 3-17 тамыз аралығында Псков облысының «Струги красные» полигонында өтетін болады. Қазақстандық команда 26 шілде күні аттанады деп жоспарлануда. Себеп әскери қызметшілер сол елдімекеннің климатына бейімделіп, қаруын келтіріп, қоршаған ортамен танысуы тиісті. Аталмыш конкурстың басты мақсаты халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту, әскери қызметтің мәртебесін көтеріп, жеке құрамның машықтылығы мен кәсібилігін бақылау болып табылады. Конкурс 4 кезеңнен тұрады. 1.1. Десант түсіру, қону алаңына жиналу, марш жасау. 1.2. БМД (БТР) жеке жарысы. 1.3. Биатлон(әртүрлі жағдайда атыс жүргізу), экипажсыз оқ ату, атыс қаруы мен гранатометпен оқ ату. 2.1. БМД (БТР) спринті. 2.2. Кедергілерді еңсере отырып, десанттық-шабуылдау жолағынан өту. 3.1. БМД (БТР) ізіне түсіп оқ ату. 3.2. Бөлімше құрамында бағдарлау(күзет жарысы), экипажсыз 4.1. БМД (БТР) эстафетасы. 4.2. Экипажсыз атыс қаруымен кедергілерді еңсере отырып марш жасау. 4.3. Дәлдікке секіру. Есептеу барысында әскери техникамен өнер көрсететін жеке құрамның көрсеткіштерінің маңыздылығы жоғары. Жалпы есептік орындардан басқа, конкурс ережесіне сәйкес қосымша номинациялар бойынша да марапаттау қарастырылған. Олар «Рухымен мықты», «Бірге біз мықтымыз», «Жарыс шебері», «Дәлдікке қону» және «Өз ісінің шебері» номинациялары. Аталмыш конкурсқа 20 елдің командалары қатысады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы дәл осы конкурс Қытай Халық Республикасында өтіп, қазақстандық десантшылар 8 елдің арасында Ресей мен ҚХР алға жіберіп үшінші орынға табан тіреген еді. Барлаушылар бес кезең бойынша бақ сынамақ Барлаушылар әскери қызметшілерінің командасы "әскери барлау үздіктері"байқауында Қазақстанның Қарулы Күштерін таныстырады. Бұл күндері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Барлаушы әскери қызметшілері "әскери барлау үздіктері" байқауына дайындықты аяқтады. Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдерінен келісімшарт бойынша үздік әскери қызметшілер таңдалып алынды. Құрамаға 30 әскери қызметші іріктелді. Команда құрамына топ командирі, аға барлаушы, сапер, мерген, санитар, пулеметші, атқыш, гранатометші, байланысшы, техникалық персонал және резерв әскери қызметшілері кіреді. Команда капитаны подполковник Ағзам Берденовтың айтуынша, команда жарыстың барлық кезеңдері жаңадан жасақталған Спасск қаласы Оқу орталығында және Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында дайындалды, сондықтан бұл жерде барлығын команданың жеңіске деген ынта-жігері мен дұрыс таңдалған іс-қимыл тактикасы ғана шешетін болады. "Қазір біз ең маңызды элементтер мен көрсеткіштер бойынша жаттығуларды жүргізе отырып, бос уақыттың әр сағатын ұтымды пайдалануға тырысамыз, - деп атап өтті команда капитаны. Естеріңізге сала кетейік, "әскери барлау үздіктері" байқауы бес кезеңнен тұрады – бұл "Десант түсіру және жедел маршты іске асыру", «барлаушы мамандар сайысы», "Барлаушы соқпағы" кедергілер кешені", "Ату" және "Тапсырманы орындағаннан кейін жинау ауданына барлау тобының шығуы". Осы жерде ерекше атап өтерлік жайт, әскери қызметшілер барлық кедергілерді 25 келіге дейін тартатын толықтай арнайы киім-кешекпен жарақтанған күйде еңсеріп өтеді, олар қару-жарақ, миналы-жару және инженерлік құралдар, киім-кешек және медициналық мүлік, сондай-ақ бір тәуліктегі құрғақ азық. Биыл байқау Үндістанның Джайсалмер қаласында өтеді. Сондай-ақ биылғы жылғы жарыс бағдарламасына шөлдегі түнгі тапсырмалар енгізілген. Есеп бойынша V "АрХО-2019" ойындары 3-17 тамыз аралығында өтеді.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи