Сарбаздың ұрыстағы әрекетін оқыту әдістемесі

  Бөлімшеде (танкіде) нақты және үйлесімді әрекеттер жасау үшін әрбір сарбаз ұрыс құжаттарында белгіленген өз міндеттерін білуі тиіс. Бұл кезде оқушылар түсінбейтін терминдерді, мысалы: «дезактивизация»,  «дегазация», «дезинфекция» түсіндіріп кетуге тырысыңыздар.

Оқушыларға сарбаздың ұрыстағы қозғалысы мен жаяу ретпен қимылдау кезіндегі тәсілдері туралы айтып беру қажет. Жаяу ретпен қимылдау кезінде қарсылас бақылауынан жасырын және оның атысынан тыс жер учаскелерінен өту жеделдетілген адым немесе жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Осы тәсілмен сарбаз шабуыл барысында да алған жылжиды.

Мұғалім өзі оқу қаруын (макетін) пайдалана отырып, бауды қолданбай жүріп келе жатып атысты жүргізу немесе дүмді бүйірге қысып, атыста жүргізу тәсілдерін көрсетеді.

Жүгіре өту және жер бауырлай жылжу тәсілдері туралы айтып беріңіздер. Жүгіре өтуде сарбаз ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілейді, содан кейін тез тұрып, белгіленген орынға жүгіріп өтеді.

  Жүгіре өту және жер бауырлай жылжу тәсілдері туралы айтып беріңіздер. Жүгіре өтуде сарбаз ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілейді, содан кейін тез тұрып, белгіленген орынға жүгіріп өтеді.

 Жер бауырлай еңбектеу, жартылай төрт тағандап немесе бүйірлей жылжуы үшін, сарбаз ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтынжасырын таса жерді белгілеп алуы тиіс.

 Жер бауырлай жылжу тәсілін ең әуелі оқушыларға көрсету керек, ал содан соң қашықтықты (200 м-ге дейін) белгілеп, әрбір оқушы жүгіре ату және жер бауырлай жылжуы арқылы қозғалыс орындайтындайетіп, пәрмен беру қажет. Оқушыларды практикалық дағдыларға үйрету үшін жер бауырлай жылжудың барлық тәсілдерін орындау жөн.

 Мұғалім оқушылардың назарын атыс үшін жер мен жағдайды дұрыс таңдауға аңғаруы қажет. Атыс үшін таңдалынып алынған орын керекті бағытта жақсы шолуды және атқылауды, сарбазды қарсылас атысынан және бақылауынан тасалауды, сондай – ақ атыс үшін ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.

  Сарбаз атыс және бақылау жүргізу үшін жергілікті заттарды қолдануға икемді болуы қажет.

 Шабуыл ұрысы барысында басып алынған шепті ұстап тұру, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу және басқа жағдайларда сарбазға орлануға тура келеді автоматтан жатып ату үшін жеке оқпана мөлшері, ал автоматтан жатып ату үшін жеке оқпана қазудың реті көрсетілген.

 Сарбаз әр түрлі табиғи кедергілерден өтуді шебер меңгеруі тиіс.

Мұғалім бөгеттерден тоқтаусыз ұрыс барысында шабуыл екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей және қарсылас күтпеген жерлерде өту өте маңызды екенін ашып көрсете отырып, бөгеттерден өту тәсілдері мен құралдарын атап беруі қажет.

 Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған болуы немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін.

Қазіргі заманғы ұрыста әртүрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар мен сымды бөгеттер кеңінен қолданылады.

Қарсылас жарылмайтын бөгеттерді өзінің оғымен тасалап миналайтын оқушылардың естеріне түсіруі қажет.

Инженерлік бөгеттер тауып, олардан өту үшін миналарды бүркенішті ашу белгілері бойынша және қармағыштар мен мина іздеушілер көмегімен табуға болатынын айтып беріңіздер. Сондай – ақ миналы – жарғыш бөгеттердегі өтпелерді кесіп өту жарғыш тәсілмен немесе қолмен, миналы тралмен жабдықталған танкілер арқылы кесіп өту жүзеге асырылады.

 Мұғалім оқушылар назарын инженерлік бөгеттерден өту тәсілдерін оқып – үйрену қажеттілігіне аударады.

  Ұлы Отан соғысы, Ауғанстан және басқа шағын аймақтағы соғыстарда қолданылған миналы бөгеттердің шешуші рөл атқарғаны жайлы айтып беруі қажет.

Аға оқытушысы п.ғ.м. Болат АҚЖІГІТОВ

Семей қаласы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"