Сарбаздарды шығарып салды

Сарбаздарды шығарып салды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей гарнизонының 54770 әскери бөлімінде ҚР Қарулы күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 2016 жылдың екінші шақырылымындағы 23 жауынгерді әскер қатарынан шығарып салу салтанаты өтті.

Алаңға оқтай тізілген жауынгерлерді бөлім командирі подполковник Мадияр Сәрсенбекұлы Увалиев құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Мінбеге Қатардағы Бекет Жақсылықов пен Азат Молжігіт шығып, 2016 жылдың екінші шақырылымындағы барша сарбаз атынан зор алғысын білдірді. Бұдан соң Астана қаласындағы «EXPO-2017» халықаралық көрмесінде қауіпсіздік іс-шараларын қамтамасыз етуге белсенді қатысып, Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әзірлігін жоғарылатуға қосқан үлесі, қызметтік парызын атқару барысында міндеттерін адал орындағаны, үлгілі әскери тәртібі, ынта-жігері, қызметтегі ерекшеліктері мен парасатты бастамасы үшін қатардағы жауынгер Данияр Әбілдаұлы Әлайдар, қатардағы жауынгер Зухриддин Дильшатұлы Кочкаров, қатардағы жауынгер Қалаубек Сейдоллаұлы Қурақ,
қатардағы жауынгер Азат Ерденұлы Молжігіт, қатардағы жауынгер Бақытжан Қайратұлы Хамзе, қатардағы жауынгер Фарух Мирзаканович Рузакулов, ефрейтор Нұрдәулет Абсаттарович Тураханов, ефрейтор Бағлан Әбдікәрімұлы Құдайберген, қатардағы жауынгер Бабыр Бақытұлы Нурман,
қатардағы жауынгер Батырбек Жақияұлы Райхан, қатардағы жауынгер Бахтияр Бахадирович Таджиметов, қатардағы жауынгер Нұрбол Ақылбекұлы Құлмырза, қатардағы жауынгер Мухамедәлі Мұратәліұлы Өтеулі, ефрейтор Бекет Еркінұлы Жақсылықов, қатардағы жауынгер Улучбек Фуркатұлы Исаков, қатардағы жауынгер Бақдәулет Еркінқұлы Қосай, қатардағы жауынгер Нұржан Бақытұлы Кузенов, қатардағы жауынгер Серғазы Махаметұлы Нармат, қатардағы жауынгер Ерлан Тұрдалыұлы Турахан,
қатардағы жауынгер Жахонгир Давлатович Махамедов, қатардағы жауынгер Бекарыс Серікұлы Алдаш, қатардағы жауынгер Нұртуған Әлиханұлы Елеусіз, қатардағы жауынгер Данияр Данабайұлы Әбілов ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектановтың грамотасымен марапатталды. Жауынгерлік дайындықта жеткен жетістігі мен үлгілі әскери тәртібі және Отан алдындағы борышын жауапкершілікпен адал орындағаны үшін бөлім командирі подполковник Мадияр Увалиевтың мақтау қағазы да берілді. Отан қорғаушыларға дұрыс тәрбие берген ата-аналарға да алғыс айтылды. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, кәсіби шеберлігін арттырудағы талпынысы, жеке құрамды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегені үшін аға лейтенант Ерлік Әбдіқалықұлы Көпбергеновке ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектановтың грамотасы табыс етілді. Салтанат соңында сарбаздарға бір жылдың көлеміндегі әскери іс-шаралар мен оқу-жаттығуларынан естелік ретінде фотоальбом таратылды.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений