Сарбаздар мұражайларды аралады

Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағының бастамасымен ұйымдастырылған «Мен әскери қызмет атқаратын өлке» шарасы аясында 36803 әскери бөлімінің сарбаздары бірқатар мұражайларды аралады.

   Сарбаздар ең алдымен 1856 жылғы тарих және сәулет ескерткіші – Семей тарихи-өлкетану мұражайын аралады. Ғимарат XIX ғасырдың 50-ші жылдарында генерал-губернатор А.П.Проценконың бұйрығымен салынған. Сәулетшісі белгісіз. Революцияға дейін бұл үйде әскери губернатор тұрды. 

1918 жылы ақ гвардияшылардың терроры кезінде ғимаратта ақ гвардияшы әскерлер, кейін Семей әскерлер тобының штабы да орналасты. Бұл жерде «Палеонтология және геология», «Туған өлкенің табиғаты», «Археология және этнография», «Қала мен өлкенің тарихы», «Алаш қозғалысы туралы және Алаш қаласы», «Семей ядролық полигоны. Біз ядролық қарусыз әлем үшін», «Тәуелсіздік жылдарындағы Семей» көрме залдарын тамашалады. 

Сондай-ақ, қатардағы жауынгерлер Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын да көрді. Олар һәкім Абайдың шығармашылығынан білгендерін ортаға салып, әндерін де орындады. Ұйымдастырушылар тарапынан бірқатар сарбаздарды көтермелеу үшін бөлім басшылығына ақпарат ұсынылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"