Сарбаздар еліне аттанды

Сарбаздар еліне аттанды

Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің саптық алаңында  Отан алдындағы борыштарын Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 2017 жылдың 2 шақырылымындағы 315 сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Салтанатты шараны ұйымдастырып, өткізуде бөлімнің жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстары мен әскери қызметтегі сарбаздар жетістіктеріне тоқталып өткен бөлім командирі подполковник Бегімбет Тәжібаев басшылық етті.

«Осынау, абыройлы Отан қорғау жолында қызмет етіп келе жатқан офицерлер мен сержанттардың еңбек жемісі, қызметтеріндегі көрсеткіш нәтижесі – Сіздердің арқаларыңызда. Сіздер қысқа мерзімде әскери саланың көптеген қыр-сырларын, техникалар мен қару-жарақтарды қолдануды меңгеріп шыққандарыңызға сенімдімін» - дей келе, әрбір сарбаздың ата-анасына алғыс хат, грамоталар мен марапат сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар іс-шараға арнайы шақырылған қонақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштері ардагерлер кеңесінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша төрағасының орынбасары Татьяна Кулиш сарбаздар қуанышына ортақтасып, тілегін жеткізді. Ал Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 2017 жылдың 2 шақырылымындағы сарбаздар атынан қатардағы Атабек Чимпулатов бөлім басшыларына шексіз алғысын білдірді. Соңында әскери бөлім командирінің бұйрығымен қатардағы Атабек Чимпулатов бөлімнің Құрмет кітабына енді. Сондай-ақ 38 сарбаз «ефрейтор» әскери атағын алды.

 

Капитан Нұржан МАЛГАЖДАРОВ

27943 әскери бөлімі тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің аға офицері


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства