Сарбаздар әскери ант қабылдады

26 мамырда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 27943 әскери бөлімі еліміздің өңір-өңірлерінен келген 210 жас сарбазды салтанатты түрде саптық алаңда қарсы алып,  сарбаздар әскери ант қабылдады.

Жас сарбаздарды әскери өмірге бейімдеп, әр бағыттағы жауынгерлік, саптық дайындықтардан өткізу әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник
А.Е. Ергалиевке жүктелді. Жиын әкімшілігінің офицерлер мен сержанттар құрамы жас сарбаздарды тәрбиелеп, әскери қызметтің қыр-сырларын үйретуде өз қызметтік міндеттерін дұрыс атқара білді. Атап айтқанда мемлекеттік тіл саясатының жарқын үлгісі ретінде жиын басшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Мұрат Сабитов сарбаздарға Әскери ант мәтінін мемлекеттік тілде жаттап оқуларын талап етсе, сержант Дулат Қадырбеков, 2 сыныпты сержант Нұрлан Қорабаев әскери командаларды қазақша беріп, орындауды қолға алған.

Әскери ант қабылдау - әрбір жауынгердің есінде мәңгі қалар қуанышты сәт. Жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі бөлімнің саптық алаңында салтанатты сапқа тұрғызылып, құрметті қонақтар мен әр өңірден жиналған ата-аналардың қатысуымен өтті.

Іс-шара соңында жас сарбаздар жиынының жеке құрамы қонақтар назарына қысқа мерзімде өздері меңгерген қоян-қолтық ұрыс жаттығуларынан көріністер, бөлімнің штаб батальоны барлау ротасының жеке құрамы жауынгерлік ұрыс, оқу-тактикалық жаттығуларынан көрсетілімдер паш етті.

Жас сарбаздар жауынгерлік есеп топтағы, экипаждардағы орындарына тағайындалып, алдағы жаңа оқу жылына жауынгерлік міндеттерін алып, Отан қорғау қызметтеріне қызу кірісіп кетті .

Н. Малғаждаров

27943 әскери бөлімі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"