Сарбаз өміріне саяхат

Ата заңымызда «Қазақстан Республикасын қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы және міндеті» деп көрсетілген. Сондықтан да, оны әрбір жас жігіт жете түсінуі тиіс. Осы бағытта Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен әскерге шақыру жасына дейінгі жастарға арналған ашық есік күні өтті.

Мақсаты – оқушыларды отансүйгіштік тәрбиеге баулып, әр өскелең ұрпақты елжандылыққа баулу, патриоттық сезімдерін ояту. Аталмыш шара аясында орта білім оқушылары мен колледж студенттері Қостанай қаласындағы Ұлттық Ұланның 6697 бөлімінде болып, әскери қызметтің қыр-сырына қанықты.

Алдымен, әскери бөлімнің алаңқайында жас меймандар назарына әскери техника мен қару-жарақтың үлгілері ұсынылды. Сонымен қатар олар сарбаздардың казармадағы күнделікті тұрмысымен де жіті танысты – әскери бөлімнің ішіне еніп, киім-кешек, жатын орындарын көріп, оқу және демалыс бөлмелерін аралады. Сондай-ақ болашақ отан қорғаушылар кинология қалашығындағы қызметтік иттердің түрлі тәсілдері туралы мағлұматтқа да қанықты.

Саяхат соңында экскурсия бойынша аға маман капитан Руфат Садваков Ұлттық Ұлан қатарында ерлік жасаған әскери қызметшілер туралы әңгімелеп, әскери қызмет – абыройлы міндет екендігін айтып, оқушыларды Отан алдынғы азаматтық борышын өтеуге шақырды. Ал Ауған соғысының ардагері, отставкадағы подполковник Анатолий Харченко жастармен жауынгерлік естеліктерімен бөлісіп, бейбіт заманның тұрақтылығы үшін аянбай еңбек ету керектігін жеткізді.

Әскери бөлімнің тұрмыс-тіршілігіне толық қаныққан жеткіншектер өздері үшін ұйымдастырылған шараға дән риза боп тарасты. Олардың көпшілігі болашағын әскери қызметпен байланыстырғылары келетінін де айтты.

 

 

Назгүл Шабдарова

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"