Саптағы қыз-келіншектер сияпатқа кенелді

Үйдегі аяулы жар, ардақты ана қазір заман көшінен қалмай, кез келген салада қажырлы еңбектің үлгісін көрсетіп жүр. Халықаралық әйелдер күнінде әскери салада жүрген қыз-келіншектер де мерекелік құттықтауға бөленіп, қуанышқа кенелді.

Әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінде 300-ден аса ер азаматпен иық тіресе нәзік жандылар жұмыс істеп келеді.  Мерекеге орай  бұл ұжым қыз-келіншектерді құттықтап, құрмет көрсетті. Арнайы іс-шара ұйымдастырған бөлімше ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген азаматшаларға Құрмет грамотасын табыстады. Әріптес қыз-келіншектерге гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтарын ұсынды.
Өмірдің мәні, тіршіліктің сәні – әйел. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесінде әскери қызметшілер ыстық ықыласқа кенеліп, құшағы гүлге толды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мерекелік жиында ерлермен қатар сап түзеген қайсар қыздарға құрмет көрсетті.
– Ер-азаматтармен қатар әйелдер қауымы қорғаныс саласының қауқарын арттыруға сүбелі үлес қосып жүр. Біздің қыз-келіншектер әскери мамандықтардың басым бөлігін меңгеріп, жемісті еңбек етуде. Оңтүстік өңірдің қауіпсіздігін қалқалауда олардың үлесі зор. Осыған орай, мереке қарсаңында барша әйел азаматшалар алдында басымызды иіп, алғысымызды білдіреміз. Дендеріне саулық, бақыт тілеймін. Мереке құтты болсын, - дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Марат Құсайынов.
Әйел. ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. Ал еліміздің Қарулы Күштері қатарында 8000-нан астам қыз-келіншек Отан қорғап, қалтқысыз қызметтің үлгісін көрсетіп жүр. «Авариялық-құтқару қызметі негізі ер азаматтардың жұмысы. Дегенмен, біз де үлес қосып, осы салада жұмыс істеп келеміз», дейді Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі Оңтүстік Қазақстан филиалының инженері Күлпара Жанкүшікова.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"