Сән-салтанаты жарасқан игі шара


Мамыр айының үшінші жұлдызы күні елорданың оң жағалауында орналасқан Астана қаласы әкімшілігінің орталық алаңында Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен қала басшылығының ұйытқы болуымен бірқатар әскерге шақырылушы толқынды Отан қорғау қызметіне аттандыру шарасы болып өтті.

Онда өз кезегінде сөз алған Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник А.Кукатов «Жастарды әскери қызметке даярлау және шақыру жүйелі жүргізіліп келе жатқанын айта келе, жалпы жастарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеген сәттен бастап оларды әскерге шақырғанға дейін тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Мәселен, ондағы мамандар алдымен әскерге шақырылушының өзімен, оның ата-анасымен жеке әңгімелеседі. Бұл әдіс барысында олардың денсаулық жағдайына, білім деңгейіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және отбасы жағдайына ерекше көңіл аударылады екен.

Ал, тілшілерге тиісті мәліметтерді ұсынған Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Ғ.Артықов «Әскерге шақырылатын әрбір азамат үшін оны туған жерінен қызмет орнына шығарып салатын күн ең маңызды оқиға болып табылады. Сондықтан біз мұндай шараны салтанатты жағдайда өткіземіз» – деп айтты.

Шынында да, бас қаламыз Астанада өткен кезекті Әскерге шығарып салу рәсімі қатысушылардың жүрегін тербетерліктей сән-салтанатпен өтті. Онда саптық салтанат көрсетілімдерінен бастап жауынгерлік әділ-тәсілдер көрермен назарына ұсынылды. Не керек, ел есінде көп уақыт сақталатындай сәтке көпшілік көзайым болды.

Ерлібай ҚАДЫРБАЙ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"