"Шығыс" ӨңҚ қарасты әскери бөлімдер Наурыз күнін атап өтті

Ұлыстың ұлы күнін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер жыл сайын атап өтеді. Бөлім аумағына киіз үйлер тігіліп, әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері мерекелік дастархан жайып, өз өнерлерін ортаға салады.

Осы жолы да отбасымен, бала-шағаларымен мәре-сәре болып түрлі ұлттық ойындар ойналды. Сарбаздар арасында қол күресінен, арқан тартудан, қазақша күрестен ұйымдастырылған жарыста мықтылар анықталып марапатталды. Балалар жағы болса, асық ойнап, би билеп, ән айтып, тоғыз құмалақ ойнады. Олар да базарлықсыз қалмады. 

Өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен салт-дәстүрді, ұлттық тағамды дәріптеп көрсетуден әскери қызметшілердің арасындағы сайыс бұл мерекені одан әрі қыздыра түсті. Сержант Коновалова Олеся мен Исаев Мақсаттың орындауындағы  «Наурыз думан» әні, мың бұралып «қара жорға» билеген сержанттар Алия Бейсембаева, Асем Оспанова, Еркебұлан Жабеловтардың өнерлері қонақтарды тамсандырды. Ас әзірлеуде алдына жан салмайтын аға сержанттар Арай Мырзакенова, Нұргүл Саденова мен Жаннат Данияровалардың наурыз көжесінен дәм тату үшін жұрт қазақ үйге жайғасты. Осылайша той-думан мерекелік концерпен жалғасын тапты.

Татулықтың, береке мен бірліктің, сыйластықтың негізі болған Ұлыстың Ұлы күні - әрбір қазақ үшін ерекше күн.

Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Сержант  М.Құрманғажина


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"