Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына 15 жыл толады

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты 2001 жылы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1330 қаулысына сәйкес Азаматтық авияциясы академиясы жанынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе Қорғаныс Күштерінің құралымдары мен әскери бөлімдері үшін жоғары білікті мамандар дайындау мақсатында құрылған.

Рухы мықты, талабы жоғары, елі дегенде ет жүрегі елжіреп, «жау» деген сөзден жасқанбайтын, қиындыққа тойсалмайтын, Отанды қорғау парызы деп білетін, арыстандай айбатты ұрпақ тәрбилеуде қажымай еңбек етіп жүрген әскери институт ұжымын 15 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз.

Оқу мерзімі бес жылды құрайтын әскери институт жыл сайын 200-ге жуық офицерлер кадрларын даярлайтын еліміздің жас жоғарғы әскери оқу орны болып табылады.

Қазіргі таңда әскери оқу орнын генерал-майор Садықов Қайрат Әнуарбекұлы басқарады. Ұжымды басқарудың жүйелі әдіс-тәсілін қалыптастыра білген институт басшысы болашақ офицерлерге үлкен сеніммен қарайды және әрдайым берілген бұйрықтың нақты, уақытылы жауапкершілікпен орындалуын басты назарда ұстап, биік белестерді бағындыруда талмай қызмет етіп келеді.

Курсанттардың арманы алатаудың шыңындай, көңілдері қазақтың дархан даласындай, жүректері Отаным деп соғады. Жалындап тұрған жас буын, алдыңғы буын ағаларға қарап бой түзейтіні баршаға мәлім. Осы мақсатта институтта түрлі патриоттық тәрбиеге негізделген жиындар жиі өткізіледі. Институт жеке құрамымен  және курсанттар арасында өткізілетін мұндай іс-шаралардың барысында иститут бастығы генерал-майор К.А.Садыков, генерал-майор А.Т.Старыш, генерал-майор М.О.Орынбеков мырзалар өздерінің өмірлік әскери тәжірибелерімен бөлісіп, болашақтарына бағыт-бағдар беріп отырады.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл, әскери институттың алдыңғы қатардан көрінуіне ат салысып, үнемі ізденісте жүретін, бір қайықтың ескегін бірге ескен, мақсаты бір болғанымен, міндеттері әр түрлі институт бастығының орынбасарлары: штаб бастығы полковник Мустабеков Асқар Досбосынович, оқу және ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары  полковник Буданов Ақылтай Есентаевич, материалдық-техникалық қызмет ету бөлімінің бастығы полковник Саврас Игорь Ростиславович, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы полковник Темирбаев Данияр Самратович және оқу-жаттығу орталығының бастығы Маукебай Айдос Бекетұлының қосқан үлетері зор.

Курсант, алдыңғы буын ағаларға қарап бой түзейтіні рас. Халық қаһарманы, ұлт жанашыры Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ «Командир – аға, солдат – іні». Курсанттарға ағалық қамқорлығын аямай, бойларына рухани күш беріп, қырағылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке, тәрбиелеуде, қажет болған жағдайда психологиялық тұрғыда көмек беретін батальон, рота, взвод командирлері мен сержанттардың еңбегін аятпай өту мүмкін емес. Олар курсанттар арасындағы мызғымас достықтың қалыптасуына, бауырмалдыққа, офицерге тән қасиетті үйретуде талмай еңбек етіп жүрген азаматтар.

«Білім – инемен құдық қазғандай» адам баласы үлкен жетістікке жету үшін, еңбек қажет. Ғылымның алар бастауы да осы жерде. Іздену, зерттеу, шешімін табу ол жеңіспен пара-пар. Ғылым жолы жеңіл емес, ол төзімділікті талап етеді. Әрбір зерттелетін сала, ашылмаған әлем сынды. Әскери салада сан түрлі тақырыптар ғылыми зерттеуді қажет етеді. РЭжБӘИ институтында 4 ғылым докторы қызмет атқарады: ҚРҚК қызметкері Малғаждаров Сансызбай Малгаждарович, ҚР ҚК қызметшісі Аубакирова Жанат Тулеухановна, ҚР ҚК қызметшісі Шлейко Михаил Евстратович, ҚР ҚК қызметкері Асылов Нургали  Жумажанович. Сонымен қатар екі адам профессор ғылыми атағына ие. Атап айтсақ: полковник Сеитов Ильяс Аппасович және Асылов Нургали  Жумажанович. Институтта 9 адам ғылым кандидаты бар. Олар: генерал-майор Садыков Қайрат Ануарбекұлы, полковник Сеитов Ильяс Аппасович, полковник Егизбаев Марат Ермекович, капитан Кусаинова Руслана Молдаспановна, аға лейтенант Исмагулова Нургуль Сайдуллаевна, ҚР ҚК қызметкері Таиров Галиакбар Умарович, ҚР ҚК қызметкері Косынбаев Бакыт Талгатович, ҚР ҚК қызметкері Тасимова Сарсенкуль Тажибековна, ҚР ҚК қызметшісі Мунасбаева Карлыгаш Кызайбаевна, ҚР ҚК қызметкері Изтлеуов Нуркен Тургеналиевич. 71 адам магистр ғылыми дәрежесіне ие.

Курсанттардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында институттың ғылым-зерттеу бөлімінің бастығы полковник И.А.Сеитовтың басқаруымен «Патриот» ғылыми-дебат клубы құрылған. Аталған ғылыми-дебат клубы 2011 жыдан бері 45-50-ге жуық халықаралық және республикалық турнирлерге қатысып жүлделі орындарды иемденіп жүр.

Әскери институтта білікті, жан-жақты болашақ офицерлерді дайындайтын зениттік-зымырандық әскерлер, радиотехникалық әскерлер, радиотехникалық қамтамасыз ету, әуе куштеріне қарсы, байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау кафедралары жүйелі қызмет атқарады. Таңдаған мамандық бойынша білімді офицердің артында ұлағатты ұстаздар, кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы бар. Сауатты маман – ұстаздың айнасы. Мамандықты меңгеру үлкен күшті талап етеді. 15 жыл көлемінде ҚР Қарулы Күштерінде еңбек етіп жүрген офицерлердің білім нәрімен сусындап, болашаққа жол ашуына ұлағатты ұстаздардың қосқан үлестері ерекше.

Көп ұлтты, береке-бірлігі жарасқан еліміздің тыныштығын сақтау азаматтық борышы болып табылатын, антына адал ел қорғаушы азаматтардың қанатын қатайтып, тәрбилейтін, асқақ арманның бастау алатын мекені, жас буынға сенім ұялататын, ар-намысты жүрекке серік ететін бірден бір оқу орны Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты.

Әскери институттың жеке құрамы түрлі парадтарда, халықаралық, респубикалык конференцияларда, қалалық мекемелер мен жоғарғы оқу орындары арасында өтілетін іс-шараларда, спорттық жарыстарда абыроймен алдыңғы қатардан көрініп жүрген жоғарғы оқу орны.

Ата-бабамыздың қан-майданда, жандарын қиып қалдырған  асыл мұра қазынасы – дархан даламыз. Ел татулығына қызғана да, қызыға қарайтын көз сұққандар жоқ деуге де болмайды. Сонымен қатар әлемде сан түрлі қақтығыстар, азаматтық кикілжіңдер, тұрақсыздықтар күн санап артуда. Сондықтан берекесі жарасқан қазақ елі әрдайым бес қаруы сай болуы шарт. Ол үшін әскери мамандар кадры сауатты, жауапты, білімді, білікті болу қажет.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженрлік институты ұжымына өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестері үшін алғыс айтып, еңбектеріне сәттілік тілейміз.

Сәуле Шаяхметқызы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"