Қызықты демалыс ұйымдастырылды

Қызықты демалыс ұйымдастырылды

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі.  

Құрлық әскерлері Әскери институтының сержанты – сержанттармен жұмыс жасау қызметінің бастығы 1 сынып сержанты Ильяс Хабдулданов және осы аталмыш қызметтің сержант-нұсқаушысы 2 сынып сержанты Марат Бакишев институттың келісімшарт қызметкерлері мен олардың жанұяларына «Табаган» демалыс базасында қызықты да мәнді демалыс ұйымдастырды.
Осы демалыс уақытында әскери қызметшілердің отбасылары таза ауада демалып, табиғат сұлулығын бір тамашалап қайтты. Демалуға келген көпшілік арасында қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс және «Менің спортшыл жанұям» атты спорттық эстафета өткізілді.
Спорттық ойынға сержанттар, олардың балалары мен жұбайлары да белсенді қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті. Жеңімпаздар марапатталды.
Құрлық әскерлері Әскери институтының сержанты – сержанттармен жұмыс жасау қызметінің бастығы 1 сынып сержанты Ильяс Хабдулдановтың айтуынша, отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі. Отбасылық құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан өскелен ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпаумыз керек. Біздің өткізіп жатқан іс-шарамызда біріншіден, болашақ ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелейді, отбасылық бірлікті, татулықты дәріптейді.
Құрлық әскерлері Әскери институтының сержанттармен жұмыс жасау қызметінің ұйымдастыруымен институттың келісімшарт қызметкерлерінің жанұяларымен әрдайым тығыз жұмыс жасалады. Сержанттардың жанұялары институтта өтетін мәдини және спортық іс-шараларға әрқашан шақырылып, белсенді қатысады.
Аида Бектұрова,
ҚӘӘИ баспасөз қызметі
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи