Қызылордалық жастар әскери борышын өтеуге аттанды

Қызылорда облысы Жосалы кентінің орталығында орналасқан «Жастар саябағында» жылдағы дәстүр бойынша Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып бара жатқан болашақ сарбаздарды әскерге шығарып салу салтанаты өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат Қармақшы аудандық әкімдігіне сілтеме жасап.

 Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Болат Нұржігітұлы қатысып, болашақ сарбаздарға сәт сапар тіледі. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов ұлан-байтақ қазақ даласын «найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғаған ата-бабаларымыз сақтап келген ел мен жердің баянды болашағы мен кемел келешегі жастардың қолында екендігін айтып, абыроймен оралыңдар, деп батасын берді.

Шара барысында жастар бірлестіктерінің белсенділері аудан жастарының атынан болашақ сарбаздарға «Аманат хат» пен сарбаздың күнделікті тұтынатын заттарын табыстады. Айта кетейік, биыл аудандық әскери бөлім жанынан жаңадан әскерге шақыру пункті ашылып, күрделі жөндеуден өткен болатын.

Өткен жылы 95 қармақшылық Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанған болса, 31 азамат келісімшарт негізінде еңбек етуге ниет білдірген. Ал, бүгінгі күнге 49 жас әскерге аттанып, 7 азамат келісімшарт негізінде қызмет атқаруда.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"