Қызылорда облысында "Айбын" жастар жиыны болып өтті

Қызылорда қаласында 10-11 сынып оқушылары арасында «Айбын» жастар жиыны биыл екінші рет ұйымдастырылды. Аталмыш жиынның салтанатты мерекелік қорытындысы №101 орта мектепте өтті.

Оның ашылу рәсімінде Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы генерал-майор Ә.Ерниязов қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.

Жалпы, бұл шара барысында мектеп оқушылары кермеде тартылу, қос сырықта қолды бүгіп-жазу, пневматикалық винтовкадан ату, автоматты толық емес бөлшектеу және жинау, 100 метрге жүгіру, шалқалай жатып денені көтеру, газтұмылдырықты кию, ұзындыққа секіру, кешенді күш жаттығулары, арқан тарту және алғашқы медициналық көмек секілді талаптар бойынша өзара сайысты.

Ал, жарыстың нәтижесінде кермеде тартылу және қос сырықта қолды бүгіп-жазу бойынша - №9 мектеп-гимназияның 11- сынып оқушылары Гичеев Ислам пен Тыманов Тимур, пневматикалық винтовкадан атудан №189 мектептің 10-сынып оқушысы Нұралы Нартай, автоматты толық емес бөлшектеу және жинаудан №7 мектептің 10-сынып оқушысы  Балтабек Айбек, 100 метрге жүгіруден №12 мектептің 11 сынып оқушысы Бекенов Досжан, қолды тірей жазудан №197 мектептің 11-сынып оқушысы Өтебай Мақсат, шалқалай жатып денені көтеруден №138 мектептің 10-сынып оқушысы Қайрулла Айдос, газтұмылдырық кию бойынша №23 мектеп–лицейдің 10-сынып оқушысы Юн Андрей, жалпы қорғаныс толымын ОЗК-ны киюден №189 мектептің 11-сынып  оқушысы Базар Берік, ұзындыққа секіруден №112 мектептің  8-сынып оқушысы Мартынов Дмитрий, кешенді күш жаттығулар жарысы бойынша қыздар арасынан  №197 мектеп 10-сынып оқушысы Маханбет Мөлдір, №264 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы  Оңғарған Алима,  арқан тартудан №23 мектеп-лицей оқушылары Тонкончев Иван, Ахмеров Наиль, Нигматуллин Рустам, Асқар Алимжан және Жұмабай Мухаммед, алғашқы денсаулық көмек көрсету бойынша №6 мектеп оқушылары Сағат Динара, Қалжан Ғазиза және Сергей Ақниет «жүзден жүйрік шықты».

Әр командадан мықты деп танылған  жеңімпаздар ендігі жерде Қызылорда қаласы атынан бір команда құратын болады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"