Қысқы оқу кезеңі қорытындыланды

Қысқы оқу кезеңі қорытындыланды

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің 2019 қысқы оқу кезеңіндегі жауынгерлік әзірлік, әскерлер қызметі, тыл және техника мен қару-жарақ жағдайы, мемлекеттік-құқықтық дайындық, әскери тәртіп пен құқық тәртібі қорытындыланды.

Жиында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауда жоғары көрсеткіш көрсеткен әскери қызметшілерге алғыс айтылды. Озат роталар да жария болды. 2019 оқу жылының қорытындысы бойынша жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықта жоғары нәтижеге қол жеткізіп, қойылған тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындауда бөлімнің жауынгерлік бөлімшелері арасында бірінші орынды (таулық) арнайы мақсаттағы барлау ротасы, екінші орынды (амфибиялық) арнайы мақсаттағы барлау ротасы, үшінші орынды барлау шабуылдау ротасы иеленді. Жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелері арасында үштікке ілінген радиоэлектрондық барлау және радиоэлектрондық күрес (арнайы) ротасы, арнайы мақсаттағы реактивтік-артиллериялық батареясы және ұшқышсыз ұшу аппаратының буыны да ықыласқа бөленді. Бөлім командирі подполковник Азамат Әбікеновтің мақтау грамотасын жеке құрамды Отансүйгіштікке баулығаны үшін лейтенант Серік Мирханов, лейтенант Сейітқазы Әліқұлов, ефрейтор Асулан Амантаев та алды.

   Қысқы оқу кезеңі қорытындыланып, алда тұрған міндеттер де пысықталды. «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысы штабтар бастығының орынбасары – барлау басқармасының бастығы подполковник Динар Құрбанбаев жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруде жеке құрамның қимылын одан әрі жетілдіруге, елдімекендер мен таулы жерде ұрысты жүргізу үшін құрылымдардың дайындығын арттыруға, басқарма жүйесі мен әскерилердің дене дайындығын күшейтуге ерекше көңіл бөлді. Жаттығулар мен сабақтарды дайындау мен өткізудің санына емес сапасына күш салынып, мұның барлығы Қарулы Күштерімізді заманның талабына сай ұдайы жетілдіру үшін керектігіне тоқталды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи