Құттықтау

Құттықтау

Құрметті Отан қорғаушылары!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Жыл басы Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз құтты болсын.
Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мыңжылдық тарихы бар Наурыз елдің ең жақсы көретін және асыға күтетін мейрамы екенін, ол адамның ұлты мен діни ұстанымына қарамай тойланып келе жатқанын, сондай-ақ Наурыз сенімнің, достық пен бауырластықтың, ел тұрақтылығының нышаны екенін әрдайым айтып келеді.
Президентіміз: «Дастарханға ақ толатын, елге бақ қонатын арайлы шақты халқымыз ұлыстың ұлы күні деп бекер атамаған. Ұлы өркениетімізден тамыр тартқан ұлыстың ұлы күні ай мен күндей әлемге бірдей адамзаттың ортақ қазынасына айналды.
БҰҰ-ның Наурызды халықаралық мереке деп жариялағаны бекер емес. Сондықтан біз басты байлығымыз берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек», - деген болатын.
Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамы да осынау көктем мейрамын асыға күтеді. Бұл мемлекеттік мереке көп ұлтты Отан қорғаушылардың бірлігі мен берекесін паш етуімен ерекшеленіп келеді.
Күн мен түннің теңелетін көктем мерекесі қажырлы қызметтеріңізге толағай табыс әкелсін. Еліміз тыныш, Отанымыз аман болып, арайлап атқан әрбір таң отбасыларыңызға бақ-береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
генерал-полковник  С. Жасұзақов


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК