Құрлық әскерлерінде взводтардың жауынгерлік оқ атулары өткізілуде

Жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда бөлімшелердің далалық машығы мен үйлесімділігін жетілдіру мақсатында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес взводтардың жауынгерлік оқ атулары өткізілуде.

Взодтардың жауынгерлік оқ атуларын өткізу кезінде негізгі назар дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, ұрыста қаруды шебер және тиімді қолдану және бөлімшелердің атысын басқару, сондай-ақ қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына аударылады. Әскери қызметшілер таңсық жерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, бөлімшелердің атысын басқару мәселелерін пысықтайды, сондай-ақ орында және қозғалыста жүргізу және оқ ату шеберліктерін арттыруда.
Күрделі климаттық жағдайларда взводтардың жауынгерлік оқ атуларын қамтамасыз ету үшін жерүсті және әуе нысаналары, жеке қорғаныс құралдарында жекелеген межелер бойынша атысты жүргізу, жаяу әскердің жауынгерлік машиналарының, броньды транспортерлардың, БТР-да орнатылған оқшашарлардың бойницалары арқылы оқ атудың жүргізілуін, түнгі көздеуіштерді қолдана отырып, оқ атуды, сондай-ақ қол гранаталарының лақтырылуын көздейтін шынайы жауынгерлік жағдай жасалды.
Іс-шараға шамамен 500 взвод тартылды. Взводтардың жауынгерлік оқ атулары ағымдағы жылғы наурыз айының басында аяқталады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"