Құрлық әскерлерінде екіжақты екі деңгейлі командалық-штабтық оқу-жаттығудың қорытындысы шығарылды

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектановтың жетекшілік етуімен «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының басқару органдарымен екіжақты екі деңгейлі командалық-штабтық оқу-жаттығудың қорытындысы жасалды.

Өткізілген оқу-жаттығудың ерекшелігі оған бірден екі, яғни, «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының басқару органдары қатысты. Осы мақсатта «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының офицерлер тобы Әуе қорғанысы күштерінің С-295 әскери-көлік авиациясының ұшағымен Атыраудан Таразға алмастырылды. Оқу-жаттығу барысында өңірлік қолбасшылықтардың жедел құрамдарының командалық пункттері «Айша бибі» оқу-жаттығу полигонында өрістетілді. Оқу-жаттығуда екі өңірлік қолбасшылықтың басқармалары шартты қарсылас болды. Бұл оқу-жаттығуға шынайы оқиғаларға барынша жақындатылған әсер берді. Басқау органдарынан қарсыластың іс-қимылдарын алдын ала білу, өздерінің іс-қимылдарын жоспарлау қажет етілді. Оқу-жаттығу ниеті бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері шабуылды дайындап, өткізуге тиіс болатын. Ал «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының міндеттеріне қорғаныс операциясын жүзеге асыру кірді. Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде Жамбыл облысының «Мәтіұлақ» полигонында жауынгерлік оқ атумен батальондық тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Онда Гвардейск гарнизонының екі әскери бөлімінің бөлімшелері: ауыр гаубицалық артиллериялық дивизион мен танкті батальон толық көлемде өздерінің арныламдары бойынша тапсырмаларды пысықтады. Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектановтың баға беруі бойынша екі өңірлік қолбасшылықтың жедел құрамдары жалпы қойылған тапсырмаларды жақсы пысықтап, оқу-жаттығудың мақсатына қол жеткізді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"