Құрлық әскерлерінде бригада командирлерімен онкүндік жиын өтуде

Командирлік дайындық жүйесі шеңберінде 68665 әскери бөлімінің базасында ҚР ҚК Құрлық әскерлері жалпыәскери және артиллериялық бригадаларының артиллерия командирлері және бастықтарымен жиын өтуде.

Жиы негізгі мақсаты жалпыәскери бригадалары командалық құрамының кәсіби деңгейін арттыру, әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыруда бірыңғай көзқарасты пысықтау, әскери білім саласындағы білімді, дене және атыс даярлығы деңгейін тексеру болып табылады. Жиын қатысушыларымен іс жүзінде қару-жарақ пен әскери техниканы ұстау мәселелері пысықталады, автоматтандырылған жұмыс орындарын жылжымалы басқару пунктінде жабдықтау және жауынгерлік жұмысты ұйымдастыру, арнайы әскери іс-қимылдарды дайындау және жүргізу бойынша практикалық сабақтар өткізіледі.
Заманауи барлау жүйелерін қолдана отырып, арнайы операцияларды өткізу кезінде оларды жан-жақты қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік іс-қимылдардың ұйымдастырылуына айрықша назар аударылады. Сондай-ақ өзінің ерекшелігіне қарай жиынға қатысушылар жауынгерлік даярлықтың әртүрлі пәндері бойынша сабақтарды дайындау және өткізудің озық әдістемелерімен, оқу және тәрбие процесінің ұйымдастырылуымен танысты, өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Жиын барысында офицерлермен далалық жағдайларда жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері бойынша бақылау сабақтары өткізілетін болады. Жиын сабақтарының мақсаты мен тақырыбы жауынгерлік әзірліктің өткізілген тексеру нәтижелері мен әскерлердің күнделікті қызметі, сондай-ақ жалпы өңірдегі және әлемдегі әскери-саяси жағдайдың соңғы өзгерістері ескеріле отырып, айқындалғанын айта кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"