300-ге жуық жас офицер Құрлық әскерлерінің институтын тәмамдады

Құрлық әскерлері Әскери институтының 265 түлегі әскери оқу орнын бітіргені туралы диплом алды. Олардың 3-еуі Қырғыз Республикасының азаматтары, 12 түлек Тәжікстан Республикасының азаматтары. Олар жауынгерлік машық пен әскери тәртіпте өздерін жақсы қырларынан көрсетті.

Түлектер арасында оқуды қызыл диплом мен алтын медальға бітірген 6 лейтенант бар. Олар: Еркебұлан Қоңырбай, Бекболат Қарлыбаев, Александр Клименко, Бауыржан Нұрсұлтанов, Әмір Есімсейіт пен Данияр Ескендір.  Екінші батальонның түлектері жоғары саптық дағды және жалпыәскери жарғыларды білулерімен ерекшеленеді. Олар Мәскеудегі Қызыл алаңды адымдап өтіп,  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа қатысты. Құрлық әскерлері Әскери институтының 46 жылдық тарихы бар екенін айта кетейік. Құрылған сәттен бастап ЖОО-да әртүрлі мамандықтар бойынша 17 мың офицер дайындалды. Қазіргі уақытта олар өздерінің білім алған жоғары оқу орнының даңқын асқақтата отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен ТМД елдерінде қызмет атқаруда. Түлектердің біршамасы ірі әскери бөлімшелер мен ведомстволарды басқаруда. Жоғары әскери атақтар мен үкіметтік наградаларға ие болып отыр. Институт түлектері арасында Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, 13 түлек Кеңес Одағының, Ресей мен ТМД-ның өзге елдерінің батырлары атағын иемденді. 53 түлек ҚР Қарулы Күштері мен өзге елдердің, яғни, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің генералдары болып табылады.  Әскери институттың курсанттарын дайындау 10 кафедрада жүзеге асырылады. Институт ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы мүше мемлекеттерінің Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды бірлесіп дайындау оқу орындарының тізбесіне енгізілді. ЖОО-да Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының әскери қызметшілері білім алуда.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"